- Негізгі бет
- Сымбат
- Қолыңыз нәзік болу...
Қолыңыз нәзік болу үшін...
Әйел адамның жасынан хабар беретін көрсеткіштің бірі – қолы болғандықтан, оған ерекше күтім жасалу керек. Ол үшін әртүрлі маска жасап үйренейік.
1. Жұмсартатын маска. 2 ас қасық қайнатылған қара шайға 5 ас қасық сұлы қауызын қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны қолыңызға жағып, мақтадан жасалған қолғап киіп, 1 сағат күтіңіз. Мүмкіндігінше, бұл масканы жағып, түнге қалдырған жөн.
2. Жасартатын маска. Орташалау алманы үккіш арқылы ұсақтаңыз. Оған 3 шай қасық зәйтүн майы мен кілегей (немесе қаймақ) қосып, араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. Айтпақшы, бұл масканы бетке де жағуға болады.
3. Нәрлендіретін маска. Жұмыртқаның саруызы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, мақтадан жасалған қолғап немесе полиэтиленді пакет киіп, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
4. Емдеуші маска. 4 картопты тазартып, қайнатыңыз. Ұсақтап, 4 ас қасық сүт қосып, араластырыңыз. Дайын болған езбеге қолыңызды салып, суығанынша отырыңыз. Бұл маска кішігірім жараларды жазады.
5. Тазартатын скраб-маскасы. 2 ас қасық өсімдік майы мен 4 ас қасық қантты араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 3 минут ұстай тұрыңыз. Уақыт өткен соң жылы сумен жуып тастаңыз. Сондай-ақ 1 ас қасық лимон шырынын 1 шай қасық тұзбен араластырып, скраб дайындауға болады.
Егер қолыңызда жара болса, лимон секілді құрамында қышқыл элементі бар ингредиент қолданып, маска жасауға болмайды.
Сурет: content.ru
Оқи отырыңыз:
Тырнақ күтіміне қатысты кеңестер
Сырт келбетімізге күтім жасайық
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік
Қысқы бет күтімінің ерекшеліктері
Ф. Абилова