Кез келген жан қол терісінің сұлу болғанын қалайды. Ол үшін сұлулық салондарын жағаламай-ақ, қолға күтім жасаудың басты ережелерін білсеңіз де жеткілікті. Олай болса айта отырайық.
Қолдың тері күтіміне сабынның да әсері көп болады. Арзан немесе иісі тым өткір сабынды қолданбаңыз. Балаларға арналған сабындар пайдалы келеді.
Қолыңызды ыстық суға салуға әуестенбеңіз. Өйткені ыстық су қол терісін құрғатады. Жылы суға салыңыз. Көбіне бөлме температурасындағы сумен жуыңыз.
Ауа-райы суыта бастағаннан қолғап киіп жүріңіз.
Ыдыс жуатын сұйықтық, кір жуу ұнтағын қолғапсыз қолданбаңыз.
Күннен түсетін ультракүлгін сәулелерден қорғану үшін арнайы кремдерді пайдаланыңыз.
Қол терісіне арналған кремдер түрлі лосьондарға қарағанда теріге пайдалырақ болады. Жатар алдында қолыңызға вазелин жақсаңыз да жақсы әсер етеді. Вазелин жаққаннан кейін мақта-матадан жасалған қолғап киіп, таңға дейін ұстаған дұрыс. Таңертең қолыңыздың терісі нәзік әрі жұмсақ болады.
Шынтақ терісіне де күтім қажет. Күстеніп кетпеу үшін күнбағыс немесе зейтүн майын аздап жылытып, оны мақтаға сіңіріп, шынтаққа басып тұрыңыз. Сонда шынтақ теріңіз құрғап кетпейтін болады.
Күніне кем дегенде екі рет қолыңызды жуғаннан кейін крем жағуды әдетке айналдырыңыз.
Ал сіз қолыңыздың жұмсақ әрі сымбатты болуы үшін қандай айла-амал қолданасыз? Айта отырыңыздар.