Жылдың кез келген мезгілінде қол терісі ерекше күтімді қажет етеді. Нәзік жандылардың жасын қолына қарапта білуге болатыны белгілі. Қол терісі тамаша күйде болуы үшін, тері барлық уақытта күтімді қажет етеді.
Сонымен, үй жағдайында қолдың құрғақ терісіне қалай күтім жасауға болады?
Маска №1 – банан маскасы
Банан маскасы қолды ылғалдандырып, сонымен қатар суықтан немесе жылудың ұзақ уақыт әсерінен кейін шыққан әжімдерді жояды. Бұл масканың жасалу жолы өте оңай, кез-келген адам жасай алады. Жасалу жолы: бананды қасықпен жұмсақ болғанша араластырып, оған 1 шай қасық зәйтүн майын қосып араластырады. Маска дайын. Масканы қолға жағып, 1-2 сағат ұстау қажет. Курс: аптасына 1-3 рет.
Маска №2 – картоп маскасы
Қолға маска жасаудың тағы бір тиімді жолы картоп маскасы. Жасалу жолы: картопты қайнатып, оны жұмсақ болғанша араластырады. Содан соң керек мөлшерде сүт қосып, тағыда араластырады. Маска дайын. Қоспаны қолға жағып, 3 сағат ұстау керек. Теріңіз қатты құрғақ болса аптасына 2 рет осы масканы пайдалануыңыз қажет.
Маска №3 – көк шайдан жасалған маска
Бұл – ұзақ уақыт суықта тұрған қолға өте пайдалы маска. Теріні жақсы ылғалдандырады. Жасалу жолы өте оңай, пайдасы мол маска. Жасалу жолы: 1 ас қасық майсыз сүзбемен 1 ас қасық көк шайды қосып араластырамыз. Қоспаға 1 шай қасық зәйтүн майын қосамыз. Маска дайын. Масканы қолға жағып, жарты сағат ұстау керек. Бұл масканы күнде жасауға болады, сонда апта соңына қарай нәтижесін байқайсыз.
Маска №4 – қияр маскасы
Қияр маскасы қол терісін ылғалдандырып, тегістейді. Сондай-ақ бұл масканы бет терісінеде пайдалануға болады. Бет терісін тегістеп, әжімдерді кетіруде өте пайдалы. Жасалу жолы: Қиярдың қабығын алып тастаймыз. Аршылған қиярды үккіштен өткізіп, қолға жаға беруге болады. 30-50 минут ұстау қажет. Бұл масканыда күнде жасауға болады, сол кезде терісіңіз ылғалды, әрі күтілген көрінеді.
Ас үйден шықпай, сұлулық салонына бармай-ақ қол терісіне осылай күтім жасауға болады екен. Ал, сіз құрғақ терімен күресте қандай маска қолданасыз?
Дереккөз: anabol.kz