Қол күтіміне арналған скраб

Үй жағдайында жасалған скраб әлдеқайда арзанға шығатыны белгілі. Артық химикаттарының болмайтыны тағы бар. Өз қолыңмен жасаған табиғи косметикалық құрал әрқашан тиімді және пайдалы болады.

Терінің қартаюына қарсы скраб

Бізге:

1 ас қасық зығыр майы
Е дәруменінің капсуласы
¼ стақан жарма (кез келгенін алуыңызға болады: сұлы, қарақұмық, тары, т.б) керек болады.

Жарманы ұнтақтап, Е дәрумені мен зығыр майын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Дайын болған скрабты қолға жағып, бірнеше минут уқалап, массаж жасаймыз. Бұл әдіс құрғақ, өлі теріні алып, пайдалы элементтермен нәрлендіреді. Содан соң қолды сабынмен жуып, нәрлендіргіш иісмайын жағамыз.

Ылғалдандырғыш скраб

Бізге:

2 ас қасық зәйтүн майы
¼ стақан қоңыр қант керек болады.

Шыны ыдысқа қантты сеуіп, май қосып, жабысқақ қоспа пайда болғанша араластырамыз. Скрабты қолымызға жағып, 5 минут күтеміз. Уақыт өткен соң, қолды жылы сумен жуамыз.

Жұмсартатын скраб

Бізге:

¼ стақан бадам сүйектері
1 гр майлы майонез қажет болады.

Бадам дәндерін миксер арқылы ұнтақтап, майонезбен араластырамыз. Теріге жағып, 10 минутқа қалдырамыз. Уақыт өткен соң, жылы сумен жуу керек.

Жасартатын скраб

Бізге:

1 ас қасық сұлы
1 ас қасық сүт
1 шай қасық бал керек болады.

Сұлыны алдын ала қайнатып алып, үлкейгенінше күтеміз. Содан соң, оған сүт пен балды қосып, жақсылап араластырамыз. Скрабты пайдаланбас бұрын қолды сабынмен жуып алыңыз. Скрабты уқалап жағып, 10 минутқа қалдырыңыз. Уақыт өткен соң сумен жуып, нәрлендіргіш иісмай жағып қою керек.

Сурет: opyt-of-woman.com

Ұқсас жазба:

Тырнақ күтіміне қатысты кеңестер