Барлық әйел затытерісінәзік әрі жұмсақ, қолыәдемі,тырнағысаужәнекүтімді болуынармандайды. Ол үшін уақытылы күтінуді ұмытпау керек. Қол күтіміне байланысты бірнеше қарапайым ереже ұсынамыз. Қол көп көңіл бөлуді қажет етеді Ыстық судан аулақ болыңыз. Ол теріні майсыздандырып, құрғақ әрі бұдыр етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз. Аязға қолғапсыз шықпаңыз. Ультракүлгін сәулелер қол терісін зақымдайды және құрғатады, сондықтан қолыңызға күннен қорғайтын крем жағу міндетті. Шынтақтағы тері ерекше күтімді қажет етеді. Ол қатқыл болмас үшін жылы өсімдік майынан ванна жасаңыз. Оны екі ыдысқа бөліп, 5 минутқа шынтағыңызды батырып отырыңыз. Содан соң, кеуектаспен (пемза) уқалап, крем жағып қойыңыз. Душ қабылдау кезінде шынтақ терісін жөкемен уқалап, душтан шыққан бойда крем жағып қойыңыз. Қол жууға өткір иісі бар сабын қолданбауға тырысыңыз. Жұмсақ, нәзік иісті сабын ғана қолданыңыз. Қолыңызды әрқашан балалар сабынымен жуған жөн. Қол жуғаннан соң құнарландырушы крем жағуды ұмытпаңыз. Қолға арналған пилингтер мен кремдер Қолға аптасына бір немесе екі рет пилинг жасап тұру керек. Пилинг терінің өлі жасушаларын жоюға көмектеседі. Соның себебінен ылғалдандырушы крем теріге терең өтеді. Қолға да бетке арналған пилингті қолдануға немесе мына әдістерді жасауға болады: Қолды жуған соң қатты сүлгімен қарқынды сүртіңіз; 1 шай қасық қантты 2 шай қасық өсімдік майымен араластырып, оны қол терісіне жағып, 1-2 минут уқалаңыз. Соңынан жылы сумен және жұмсақ сабынмен жуып тастаңыз; Қол терісіне аздап тұз сеуіп, оны сулай отырып, уқалаңыз. Пилинг, ванна не душ қабылдау және қол жуудан соң қол терісін ылғалдандыру керек. Ол үшін қолға арналған немесе кез келген майлы крем жарайды. Қолға вазелин жағуға болады, бірақ ол өте майлы болғандықтан, бұл процедураны ұйықтар алдында жасаған жөн. Содан соң таңертеңге дейін мата қолғап киіп жатыңыз. Таңертең қол терісі жұмсақ әрі нәзік бола түскенін байқайсыз. Beauty-ережелер Қол күтімінің ең қарапайым ережесі су тиген сайын қолды дұрыстап құрғату. Қолыңыз қаншалықты ылғал болып қалса, тері соншалықты құрғайды. Жұмсақ сабын қолдануға тырысыңыз. Қолды қатты уқаламаңыз. Егер қолыңыз өте лас болса, алдымен арнайы косметикалық құралмен сүртіп алыңыз. Егер ондай құрал болмаса, қарапайым лимон шырынымен суласаңыз, ластық жылдам кетеді. Қолға кремді күніне минимум 2 рет (таңертең және кешкісін) қолдану керек. Егер теріңіз құрғақ болса, әр қол жуған сайын крем қолдануға тырысыңыз. Аптасына бір рет қолыңызға емдік ванналар жасап, демалтыңыз.