- Негізгі бет
- Сымбат
- Қол кремін қалай...
Қол кремін қалай таңдау керек?
Қол терісін әрдайым күтіп ұстау керек. Жиі крем жағып, ылғалдандырып, құнарландырып тұру абзал. Қол кремін қалай таңдау керек? Сол туралы аз-маз мағлұмат.
Қол кремінің құнарландыратын; ылғалдандыратын; қорғайтын түрлері болады. Сонымен қатар, бет терісіне арналған кремдер сияқты күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Қайсысын, қай кезде пайдаланған жөн екенін анықтап алайық.
Құнарландыратын крем
Бұл кремді жатар алдында пайдаланған дұрыс. Түнгі кремдердің құрамы өте майлы болады, 80% ингредиенттерін түрлі майлар құрайды. Мұндай кремдердің консистенциясы тұтқыр болып келеді, терінің терең қатпарларына еніп, эпидермистің регенерациясын қоздырады.
Ылғалдандыратын крем
Кремнің бұл түрін күнделікті пайдалануға болады. Кремнің текстурасы өте жеңіл, теріге жақсы сіңеді, ылғалдандырып, түрлі компоненттерімен күтіп ұстайды. Кейде ылғалдандыратын кремдерді эмульсия ретінде шығарады.
Қорғайтын крем
Үй тірліктерін жасағанда немесе сыртта көп жүргенде қол терісі бірінші кезекте зақымданады. Сыртқы зақымдардан қорғайтын кремдер осы мақсатта пайдаланады. Күз-қысқы мезгілдерде қорғайтын кремдерді міндетті түрде пайдалану керек!
«Силиконды перчаткалар» деген атау алған кремдер де бар. Олар қолда көрінбейтін пленка құрып, теріге теріс әсер ететін сыртқы ортадан және зиянды факторлардан қорғайды.
Сурет: jealousofmyskin.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina