Көктемде бетімізге де дәрумен жетіспейді. Үй жағдайында бетті қалай күтуге болады? Қандай маскалар бар? Біз осы сұрақтарға жауап іздейміз.
Құрғақ бет үшін
Көктемде теріге ылғал көп керек. Сондықтан таңертең міндетті түрде бетке ылғалдандырғыш крем жаққаныңыз дұрыс, ал кешкісін қоректендіретін крем жағыңыз. Үй жағдайында құрғақ бетке мынадай маска жасауды ұсынамыз:
1 ас қасық аскөк, 1 ас қасық зәйтүн майы, 1 ас қасық геркулесті араластырып бетке жағыңыз, 15 минуттан кейін жуыңыз.
Майлы бет үшін
Майлы бетті мұқият тазартқан дұрыс. Бұндай бетті құрғақ сумен ғана жуу пайдасыз, сондықтан, қайнаған суға түймедақ салып жуынып тұрыңыз. Бетті тазартатын масканың пайдасы зор. Майлы бетке үй жағдайында алма-жұмыртқа маскасын жасауға болады. 2 ас қасық үккіштен өткен алманы, 1 ас қасық крахмалды, шикі жұмыртқаның ағын араластырып 10 минутқа бетке жағыңыз. Сосын жылы сумен жуып, соңынан суық сумен шайқайсыз.