Көктемде күтім құралдарынан қандай компоненттерді іздейміз?

Күз-қыс мерзімінде терінің қорғаныш функциялары да, қалпына келтіру процестері де қиналады: эпидермис жаңаруына қатысатын жасушалар белсенділігі төмендейді, коллаген түзілу процесі баяулайды және терінің мүйізді қабаты жұқарады. Сондықтан көктемнің келуімен терінің қорғаныш қабатын қалыпқа келтіруге мән беру және жұмсағырақ күтімге көшу ұсынылады. Көктемгі күтім қатайтушы және ылғалдандырушы компоненттер негізіндегі косметикадан тұруы керек. Бұл негізгі компоненттер туралы осы материалда ұсынамыз.

Гиалурон қышқылы

Көктемгі тері күтіміне арналған құралдар таңдау кезінде ылғал ұстағыш қасиеттері бар тиімді ылғалдандырушы компоненттерге аса мән беру керек. Солардың бірі — гиалурон қышқылы. Ол кремдер, сарысулар мен лосьондар құрамындағы ең әсерлі ингредиенттердің бірі саналады. Бұл белсенді компонент теріні қажетті ылғалмен қамтамасыз ете отырып, оны ауыр липидтармен ауырлатпайды.

Жеміс қышқылдары

Тері жасушаларын жаңарту және терең ылғалдандыру — көктемгі тері күтімінің негізгі міндеттері. Бұл міндеттерді AHA-қышқылдар жүзеге асыра алады. Оларға сүтті, гликоль, алма, шарап және лимон қышқылдары жатады. Альфа-гидроқышқылдары бар құралдар тері түсін тегістейді және оны жарқыратады. Жеміс қышқылдары эпидермиске еніп, тері жасушаларының қалпына келу процесін іске қосады және табиғи коллаген мен гиалурон қышқылының түзілуін ынталандырады. Көктемде әсіресе, қышқылдар негізіндегі құралдарды қолданғанда SPF-қорғаныш жайлы ұмытпаңыз.

Линол қышқылы

Линол қышқылы омега-6 майлы қышқылдары класына жатады. Ол біздің ағзада жасушалы жарғақшаның липидтері түрінде болады, яғни, ол қорғаныш қызметін атқарады және жасушаларға жағымсыз шартқа бейімделуге көмектеседі. Линол қышқылы майлы және липидті алмасуға қатысады: шаш пен теріні құрғақтанудан және зақымдалудан қорғап, олардың бетінде гидролипидті қабыршақ түзеді. Ағзаға линол қышқылы жетіспесе, тері белсенді түрде ылғалды жоғалта бастайды. Ал ол қабыршақтануға, ерте әжімнің пайда болуына, терінің жаңару процестерінің бұзылуына, ұсақ тесіктердің бітелуіне және безеудің шығуына әкелуі мүмкін. Косметика құрамында линол қышқылы өзінің табиғи қолжетімді формасында — өсімдік майы түрінде болады. Омега-6 негізіндегі косметикалық құралдар үш негізгі тері проблемасын шешуге көмектеседі: құрғақтық, қабыну және жас ерекшелігінің өзгерістері. Линол қышқылын жұмсақ ылғалдандырушы кремдер мен лосьондардан және құнарландырылған тониктер мен сарысулардан табуға болады.

А, В, Е, С дәрумендері

Көктемде тері күшейтілген қоректендіруді және дәрумендер орнын толтыруды қажет етеді. Косметологтар мен дерматологтар құрамында А, В, Е және С дәрумендері бар косметикаға аса мән беруді ұсынады. Олар бірнеше қызметтерді орындайды: эпидермистегі жаңару процестерін жылдамдатады, терінің қалпына келу процесін іске қосады, табиғи майдың өңделуін ретке келтіреді, табиғи коллаген мен эластиннің түзілуін ынталандырады. Дәрумендерді кремдер, маскалар, сарысулар, тониктер және басқа да құралдардың құрамынан іздеңіз. Көктемде жұмсақ әрі тығыз емес текстуралар таңдаған жақсы.

Ниацинамид

Ниацинамид — В3 дәруменінің белсенді формасы. Оның қызметіне кеңейген ұсақ тесіктерді тарылту, тері майы түзілуін реттеу, терінің тегіс емес реңкін жақсарту, күңгірттікті азайту және ұсақ сызықтар мен әжімдерді тегістеу кіреді. Оған қоса, ол бос радикалдардың зиянды әсерін бұғаттайды және коллаген синтезін ынталандырып, теріге anti-age әсер береді.