Әрине, косметка салғышта үнемі кірпікке арналған қара сүрме, тоналды негіз, опа, қасқа арналған корректор, ерінге арналған далап пен бальзам болуы керек. Сіз мұндай заттарды "алғашқы жәрдем" кезінде қолдана аласыз. Бірақ мезгілден мезгілге ауысқанда косметика салғыштағы заттарды да ауыстырып тұру керек. Сонымен, сіздің көктемгі косметика салғышыңызда қандай заттар болуы керек?
Майлы құнарлы крем текстес құрамдарды қыстың қолтығына қыстырып жіберейік (мезгілге қарай ауысып отыратын заттарды көп мөлшерде алмауға тырысу керек). Көктемде көріктілер үшін алғашқы мақсат - теріні дәрумендермен қамтамыз ету. Бұл үшін бізге сәнді косметикалар мен дәруменге бай құрамдар керек.
Дәруменді құрам мен SPF қоспасы бар крем
Күннен күнге күн жылынып келеді. Күн жылыған сайын тері де мұқият күтімді қажет етеді. Өзіңіздің қысқы құнарлы креміңізді SPF-фильтрлі жеңіл кремге ауыстырыңыз. SPF-тың аққұбалар үшін - 10-15, қара торылар үшін - 6-11 болғаны жеткілікті.
Сонымен қатар, сіз жиі қолданатын басқа да кремдер пайдалы дәрумендерге толы болғаны жөн. Мысалы С дәрумені терінің күңгірттенуінен сақтайды. Ал Е дәрумені теріні құрғатпайды.
SPF тоналды кремі мен опа
Сіз күн сайын қолданып жүрген тоналды крем мен опа да SPF-тен болғаны дұрыс. Егер теріңізде бас ауыртатындай мәселе болмаса, жеңіл тоналды кремдерді және сергітетін негіздерді таңдаңыз.
Ал бет теріңізде қандай да бір қиындықтар (безеу, сепкіл, жара) бар болса, бұлыңғыр түс беретін опаны пайдаланыңыз.
Күлгін еңлік
Егер сіз теріңізге сай еңлік түсін таңдай алсаңыз, сіздің әдемі макияжыңыздың сәнін ештеңе де бұза алмайды. Көктем шыға сала күн сіздің бет теріңіздегі біраз дақтар мен безеулердің "бетпердесін" ашып тастайды. Осындайда жеңіл тоналды крем мен опаның артынан күлгін не қоңырқай түсті еңлік жағып алыңыз.
Дәрумендер мен минералдер
Көктем өзімен шуақты күнін ертіп әкеледі. Бірақ мұндайда біздің теріміз дәрмендерді қажет етіп тұрады. Сондықтан теріңіздің сау болғанын қаласаңыз, пайдасы мол дәрумендерді жиі пайдаланыңыз.
Гүл иісінің жұпарлы иіс суы
Көктем десе, гүлді де қоса елестетеміз. Қыстан қалған өткір иісті иіс судың жарамдылық мерзімі шыдаса, келер қыс мезгілінің еншісіне қалдырып, гүл иісті жұпар суды сеуіп жүріңіз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: season.kz