"Лимон қабығын тастамаңыз" атты жазбамыздағы оқырманымыз Парасат Оспанованың сұранысы бойынша, көк шай мен лимоннан жасалатын бет маскасының дайындалу жолын ұсынамыз.
Бірінші нұсқа.
Керек заттар:
- көк шай шамасы - 20 грамм,
- лимон шырыны (лимонды сығып алу керек) - 6 мл,
- бал - 10 грамм.
Дайындалуы:
Жылы көк шай шамасына лимон шырыны мен балды араластырамыз. Пайда болған қосындыны бетке жағып, 15-20 минут ұстаймыз. Салқын сумен шайып тастаймыз. Бұл масқа барлық тері түріне қолданылады.
Екінші нұсқа.
Керек заттар:
- құрғақ көк шай - 20 грамм,
- ашытқы (дрожжи) - 20 грамм,
- лимон шырыны - 5 мл.
Дайындалуы:
Ашытқыны шайға араластырып, оған ыстық су құйыңыз. 15-20 минутқа қалдырып, лимон шырынын қосыңыз. Пайда болған қосындыны бетке аптасына 2 рет жағу керек. Масканы жылы көк шаймен сүртеді.
Сурет: jenet.info
Оқи отырыңыз:
Бет күтіміне арналған маска
Лимон қабығын тастамаңыз...
Бетке арналған лифтинг-маскалар