Қою қайнатылған кофені босқа төкпей, мұздатқышқа мұз қатыратын ыдысқа құйып қатырып қойыңыз. Кейін күнделікті таңертең және кешке бір кесегімен бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, өте пайдалы. Бет терісін демалдырып, жасартып, жаңартады.
Бет терісін жұмсартып, жасару үшін мына масканы да пайдаланғаныңыз жөн:
Қою демделген салқын кофеге 1 ас қасық қара ұн мен 1 жұмыртқаның сарысын қосып, қоспа дайын болғанша араластырады. Бетке жағып, 15 минут ұстап, кейін жылы сумен жуған дұрыс.
Кофені тоник ретінде де пайдалануға болады.
Жаңа демделген кофеге мақтаны батырып, беттті сүртсе әжімнің алдын алады деседі. Сонымен қатар, бетке қан жүгіртіп, реңізді әдемі көрсетеді.
Шашыңыз жылтырап тұру үшін 1 ас қасық ромға екі жұмыртқаның сарысын, бір қасық ұнтақ кофе, бір қасық сұйық май қосып, оған 2 қасық жылы с у құйып араластыру қажет. Масканы шашыңыздың әрбір бөлігіне мұқият жағып шығыңыз да 5 минуттан кейін жылы сумен шайып тастаңыз.
Дереккөз: anabol.kz