Киім атаулары туралы қызық деректер

Киім атаулары туралы қызық деректер
Фото: freepik.com, express.co.uk

Өзіміз киіп жүрген әр киімнің жекелеген атауы бар. "Бәрі Скриптонит, бәрі Найнти уан" дейтіндей емес. Шалбар десең, джинс, чинос, кюлот деген тәрізді. Қазақтың руға бөлінгені сияқты. Әрқайсысының шығу тегі, этимологиясын білсеңіз, атауы да есте оңай сақталады.  

Эглет

Баудың ұшын бекітіп тұратын түйін. Әдетте мұндай түйінді пластиктен жасайды, алайда металдан, әйнектен, тіпті тастан да жасалатын түрлері кездеседі. Негізгі міндеті баудың тіні тарқалып кетпеу үшін бекітіледі.

Пилли

Кей маталардың талшықтары уақыт өте келе шаршап, бастапқы қалпын жоғалтады. Кейін түйіншектеліп кетеді. Мұндай түйіршіктер пилли деп аталады.

Аргайл

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DUA LIPA (@dualipa)

Түрлі түсті ромб фигурасымен параллельді және кесінділермен өрнектелген оюдың сән тілінде аргайл деп атайды. Көбіне жемпірлер мен шұлықтар безендіріледі. 2021/2022 жылғы күз-қыс топтамасындағы трендте бар принт.

Кромби

Кей пальтолардың түймесі ішінен жасырынып тұрады, бұл әдісті ойлап тапқан ағылшын фабрикасы да осылай аталады – Crombie. Бастапқыда бұл үлгі тек ер адамдарға арналған киімдерде кездескен. Ал қазір бәрі кие алады. Кромбидің әдеттегі түрі мынадай: 3/4 жеңді, контрасты түсті барқыт жағалы.

Бато

Француз тілінен "Вateau" сөзін аударсақ "қайық" деген мағына береді. Атау басқа тілдерге өтіп, ақырында киім жағасындағы иыққа дейін түскен сопақ ойықты білдіретін мағынаға ие болған. 

Шемиз 

Chemise сөзі де сән сөздігіне француз тілінен енген. Негізгі мағынасы – "жейде". Ұзын, жейде тәрізді көйлектерді сәнді атауы – шемиз. Шемиз үлгісі ХХ ғасырдың орта тұсында сәнге айналған. Алғаш рет Dior, Balenciaga  секілді атақты сән үйлері тігіп шығарған.

Норфолк 

Норфолк – белдігі, арқасында қосымша қатпарлары бар твид пенжак. Негізі аңшыларға арналып тігілген киім болған. Кейін сәнге айналып, көпшілік те киюге асыққан. Кинокартиналардан көріп жүргеніміздей, детектив Шерлок Холмстың киімі кеңінен таралған үлгі. 

Спенсер

Бірнеше ғасыр бұрын әйелдердің қысқа етекті, ұзын жеңді желеткелерін спенсер деп атаса керек. Қазіргі таңда осындай үлгіде тігілген күртелерді де спенсер деп атайды сән әлемінде. Суретте сол жақтан үшінші тұрған қыздың (Сёрша Ронан) киімі – спенсер.

Дастер

Ағылшынның "dust" – "шаң", "тозаң" сөзінен шыққан. Тренчке қатты ұқсайды, тренчті тығызырақ, қаттырақ матадан тіксе, дастер зығырдан, сәтен не жібек матадан тігіледі. Алғаш рет аттылар киімдерінің сыртынан шаң тимес үшін киіп бастаған. Бертін келе, сәнге айналған, джинс секілді.

Г. Берік