Жігітпен кездесуге барғанда бірінші әсер жақсы болуы үшін дұрыс киім таңдаумен қатар макияж да маңызды рөл атқарады. Егер жігітпен кездесуге бара жатырсаңыз, қою түсті ерін далабынан, агрессивті смоки-айс пен көп косметикадан бас тартыңыз. Ер адамдар жеңіл әрі бейтарап макияжды ұнатады. Нюдті макияж. Егер кез келген макияжға қарсы болсаңыз, бірақ өңіздің жарқын болғанын қаласаңыз, жұмсақ түстермен жеңіл макияж жасауға болады. Тері реңкін міндетті түрде ВВ-креммен тегістеп, аздап бронзермен немесе далаппен (румяна) жақ сүйегін айқындаңыз. Егер тень жақсаңыз, оның құмды немесе әлсіз алқызыл түсін таңдаңыз. Кірпігіңізге тушь жағыңыз. Ерніңізді түссіз жылтырмен бояуға болады. Кездесуге арналған тартымды макияж дайын! Қызыл ерін. Егер кездесу мейрамханада өтетін болса, ерніңізді қызыл түсті далаппен бояп алуға болады. Бұл ерін түсі ер адамдардың көпшілігіне ұнайды. Қызыл ерін далабын жаққан кезде көзге тушьтан басқа ештеңе жақпаған жөн. Көзге екпін беру. Кездесуге макияж жасарда тек көзге екпін беруге болады. Мұндай кезде ерін түсі максималды түрде табиғи реңкте болу керек. Көзге әдемі сызық салуға немесе сәнді түсті теньдермен бояуға болады. Бастысы, өте қанық түстерді көп қолданып қоймаңыз.