Ауру, сырқат кімге жарасар? Алайда, мұндай жағдай болса, өзімізді күтуіміз керек. Әйел адам қандай жағдай болмасын өзіне сенімді болуы үшін сымбатты болып жүргісі келеді. Сондықтан көп жағдайда ауруға қарамай аруларымыз төсектен басын көтеріп, косметика атты қаруларын жиып, өзін қалпына келтіруге тырысады.
Сырқауға қарамастан сұлу көрінудің әдістерімен танысыңыздар.
1. Бет реңін тегістеу.
Бет қызаруын, өңнің ақшылдығын, терінің құрғақтығын білдіртпеу үшін ылғалдандырудан бастайық. Алдымен бетімізді сергітетін жақсы иісмай жағып, тоналды крем жағуға дайындаймыз. Шабдалы түсті консилер көз астындағы көкшілдікті білдіртпеуге көмегін тигізеді. Алайда оны тоналды крем не пудраның алдында қолдану керек. Қалың тоналды кремнің орнына жеңіл негізді қолданған жөн. Себебі қалың тоналды крем бетіңіздегі тегіссіздік пен теріңіздің түлеуін білдіртіп қояды.
2. Көз бояу.
Адамның ауырып тұрғанын білдіртетін ең басты белгі – қызарған, жас толған, ісіп тұрған көздер. Сондықтан тым ашық макияждан бас тартыңыз. Сонымен қатар жылтыр түстерден де алшақ болуымыз керек. Оның орнына бұлыңғыр (матовый), құрғақ түстер, яғни ақшыл сары, алтын-жасыл және қоңыр түсті гаммасын пайдаланыңыз. Кірпік бояушы сүрмені суға төзімді түрін пайдаланғаныңыз жөн.
3. Ерін күтімі.
Грипп, суықтап ауру ернімізді құрғатып тастайтыны белгілі. Сондықтан бальзам немесе ылғалдандырушы далапты жиірек ернімізге жағып тұруымыз керек. Ал ашық түсті, көзге түсетін далап түстерін әзірше бас тартқаныңыз дұрыс. Табиғи түстерді таңдаңыз: ал қызыл, ақшыл сары, шабдалы түсті. Бұл түстер сіздің ауруыңызды білдіртпей, тірілеу етіп көрсететіні сөзсіз.
4. Сөмкеңізде үнемі жұмсақ, қағаз майлықтар жүргені абзал. Мұрын астындағы терінің түлеуінің алдын алу үшін орамалдың орнына қағаз майлықтар қолданыңыз.
Косметиканы көптеп қолданбаңыз. Әйтпесе, бетіңіз тітіркеніп, одан әрі бұзылуы мүмкін. Ең бастысы, бет терісін ылғалдандыру.
5. Сырқап жүргеніңізде парфюмнен уақытша бас тартқаныңыз жөн. Ең болмағанда, әтірді аздап себіңіз.
Дегенмен, бұл кеңестер сіздің ауруыңызды емдемейді, сондықтан, бәрінен бұрын сырқаттан құтылуға ат салысыңыз.
Сурет: Center Photography
Оқи отырыңыз:
Суық мезгілде дұрыс күтіну жолдары
Сұлының көмегімен арықтайық
Бетке үй жағдайында күтім жасап үйренейік