Кейт Миддлтон үшінші жүктілігінен соң қалай жылдам қалпына келді?

Кейт Миддлтон үшінші жүктілігінен соң қалай жылдам қалпына келді?
Фото: marieclaire.ro

Кейт Миддлтон – Ұлыбританияның стиль иконы және әлем бойынша әйелдерге үлгі болып жүрген тұлға. Әсемдік пен мінсіз мәнерінен басқа герцогиня өзін қоғамда ғана емес, отбасыда қалай ұстау керектігін көрсетіп жүр. Осы жылдың сәуір айында Кейт үшінші рет ана атанды, бірақ аз уақыттың ішінде жылдам өз қалпына келіп, жұртты таңғалдырды. 

Корольдік сарапшылар Кейттің ерік-жігері және салауатты өмір салтына деген махаббаты анасы Кэрол Миддлтоннан берілгендігін айтады. Кейт Миддлтонның тамақтануы және фитнесі туралы факттер ұсынамыз. 

Аптасына 1 күн шикілей тамақтану 

Кейт сұхбаттарында тәбеті жақсы екендігін, бірақ тамақтануын мұқият бақылайтындығын айтады. Диетологтың кеңесімен, Кейт жүктіліктен соң апталық үлесіне бір жеңіл тамақ жейтін күн қосқан. Ол күні термоөңдеуден өтпеген шикі жемістер мен көкөністер жеп, лимоны бар су көбірек ішеді екен. 

Сүйікті диеталық тағамы 

Уильям ханзаданың сүйікті тағамы карри тұздығымен ұсынылатын тауық еті екені белгілі. Бірақ, ол оның ащы түрін жақсы көреді. Ал оның әйелі Кейт хош иісті көкөністі карриді жөн көреді және оны отбасылық мерекелерде өзі дайындайды. 

Алкоголь 

Кембридж герцогиниясы диета кезінде алкогольді сусындарға қарсылық білдіретіндердің қатарында емес. Ол Жаңа Зеландияның құрғақ шарабын жақсы көреді. 

Десерт 

Кейт пен Пиппа Миддлтон анасынан үйренген әдеттерінің бірі – тәттіден және кез келген десерттен түбегейлі бас тарту. Кембридж герцогинясы жылына бір-ақ рет ата-анасының үйіндегі Рождестволық отырыста ғана иристі пудинг жейді. Ол – Миддлтон отбасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатырған рецепт. 

Сүйікті смузи 

Жеңіл тамақ берілетін күннен басқа Кейт босанғаннан кейін күнде жасыл смузи ішеді. Оның құрамында орамжапырақ, авакадо, асжапырақ (шпинат), күнзе, қаражидек болады. Сусын антиоксиданттарға бай болғандықтан, иммунитетті бекітіп, теріге жарқындық сыйлайды. 

Тіскебасар 

Жанкүйерлердің айтуынша, дұрыс тамақтануға деген махаббатына қарамастан Кейт попкорн жақсы көреді. Ол матч кезінде міндетті түрде сүйікті попкорнына тапсырыс береді, бірақ жүкітілік кезінде оны жемейді. Босанғаннан кейін де ол дұрыс тамақтануға ерекше мән беріп, өзімен бірге сұлы жармасы мен жидектерден тұратын смузи алып жүреді екен. 

Кардиожаттығу 

Корольдік отбасы жылына бірнеше рет тау шаңғылық курортқа барады. Ол жақта Кейт күніне 5-7 сағаттан шаңғы тебеді. Қысқы спорттан басқа герцогиня жүзуге және кроссфитке уақыт бөледі. Босанғаннан кейін герцогиняның спорттық жаттығулары интенсивті бола түседі: оған күнделікті бірнеше сағаттық тенниспен шұғылдану және ойлы-қырлы жермен жүгіру қосылады.

А. Жапатова