Кейт Миддлтон сұлулығының құпиясы – табиғилық. Ол көздерінің айналасындағы әжімді жасырмайды, табиғи косметиканы ұнатады және ашық түсті макияжды жақтырмайды. Сонымен қатар, ол корольдік хаттамаға қатаң сақтайды. Кейт Миддлтон сұлулығының басты ережелерін ұсынамыз.
Тырнаққа арналған мөлдір лак
Кейт Миддлтонның таңдауы – мөлдір немесе сарғыш лак. Корольдік хаттама қызыл, қара және басқа да реңктерге тыйым салады.
Жүктілігін хабарлаудың алдында шаш қию
Маңызды жаңалықтан соң оған деген зейін бірнеше есеге артып кетеді, оны көбірек суретке түсіре бастайды. Сондықтан Кейт әр маңызды хабарлаудың алдында шаш үлгісін жаңартады. Бұл әдісті Диана ханшайым да қолданған. Кейт шашының төбесіне көлем береді. Ал жүктілік кезінде Кейт халық алдына ұшы боялмаған шашпен шыға бере алады, себебі ол жүктілік кезінде шаш бояуға қарсы.
Сульфатсыз сусабын
Герцогиняның стилисі Ричард Уордтың өз маркасы бар. Кейт соның сульфатсыз сусабыны мен кондиционерін қолданады.
Итмұрын майы
Кейт итмұрын майын алғаш рет Шарлотта ханшайымға жүкті болғанда қолдана бастаған. Бұл май теріні ылғалдандырады, оны тегістейді және жарқыратады.
Кейт Миддлтон үшінші жүктілігінен соң қалай жылдам қалпына келді?
Дұрыс тамақтану
Кейт әр төрт сағат сайын аздап тамақ ішеді. Оның тамақтану үлесінде балық, авокадо, жаңғақтар, арық ет болады. Сонымен қатар, сүт қосылған классикалық ағылшын шайы да бар. Ол күніне аз дегенде 1,5 литр су ішуге тырысады. Кейт итальялық пиццаны жақсы көреді, тек сол үшін аз уақытқа қатаңдық туралы ұмыта алады. Кейт үйде жиі өзі тамақ дайындайды, солай екендігін корольдік бас аспазшылар да мойындаған.