Кейпіңізді жаңартатын 9 жол

Күнделікті киіміңіз, аяқ киіміңіз бен макияжыңыз жалықтырды ма? Жаныңыз бір жаңалықты қалайды ма? Құлпырған көктемді шын сезініп, көңіліңізді көтеремін десеңіз, мына кеңестерге құлақ түріңіз.


Ашық түсті маникюр жасаңыз. Ашық, ақшыл фуксия, жалбыз, не лаванда түстері сіздің көңіліңізге көктем береді. Теріңізге сиқырлы жылтыр беріңіз. Көктемде теріге арнайы маскалармен күтім беріп, оған арнайы жылтыр беруші крем жағып көріңіз.  Қастарыңыздың пішінін дұрыстаңыз. Сондай-ақ, оларға реңк беруші қарындаш алып, арнайы тарақпен де тарап отыруды ұмытпаңыз. Гүлді суреті бар көйлектерді таңдаңыз. Бұндай көйлекті достармен кешкі отырысқа да, қала көшелерімен қыдыруға да, сүйіктіңізбен кездесуге де киюге әбден болады.  

Хош иісті әтір алыңыз. Қыста ағаш, даршын, зімбір сияқты жылытатын иіс су қолдансаңыз, енді жеңіл, гүл не жеміс-жидек иісі бар әтір алыңыз.

 

 

Басыңызға сәнді етіп орамал байлап алыңыз. Бұл маусымда жібектен тігілген жарқын түсті басқа тағылған орамалдар  ерекше сәнді болмақ.

 

Ерініңізді қызғылт сары түсті далаппен бояп алыңыз. Коралл түстес қызғылт далаптың дұрыс таңдалған реңкі кейіпіңізге көктем лебін сыйлайды.

 

 

Шашыңызды гүлмен сәндеңіз. Үлкен гүлдің көмегімен кез келген қарапайым шаш сәнін құлпыртуға болады. 

 

Аяғыңызды ретке келтіріңіз. Қысқа белдемшелер мен шолақ шалбарлар кигіңіз келсе, аяғыңызға ерекше күтім беріп, педикюр, эпиляция жасап, жаттығулар істеуді ұмытпаңыз.

   

Суреттер: manikyra.net, jeunefille.ru, popcornnews.ru, cosmo.com.ua.