Кешкі серуен не аяқ асты хабарланған кештерге арналған мына шаш үлгісі барлық қызға жарасады. Сізге тек 3-4 жіңішке резеңке, тарақ және 15 минуттың көмегі керек. Түзу әрі бұйра шаштарға да үйлесетін бұл өрім өзге үлгілерге қарағанда ерекше.
Алдымен шашты екіге бөліп, тарап аламыз.
Сол жақтан бастап суретте көрсетілгендей екі өріммен өре (есе) бастаймыз.
Ұшын резеңкемен бекітіп қоямыз.
Оң жақтан да аздаған шаш бөлігін алып екі өріммен өреміз.
Оң жақтан және сол жақтан алынып өрілген өрімді біріктіріп, бірге резеңкемен бекітіп қоямыз.
Астында қалған шашты да жоғарыдағыдай әдіспен өріп, резеңкемен бекітіп отырамыз.
Үшінші рет тағы оң жақтан да, сол жақтан да өреміз.
Соңында қалғандарын да өруді ұмытпаймыз.
Барлығын резеңкемен бекіткен соң, өрімнің үстіңгі бетінде тұрған бөліктерін ақырын шығарып, араларын ашамыз.
Міне, кешке арналған оңай әрі тез жасалатын шаш үлгісі. Жасап көріңіз!