Кері френч — классикалық француз маникюріне жақсы балама. Классикалық френчті жасау кезінде тырнақтың ұштарын ақ түске бояйды, ал кері френчте сірқабық бойымен бояйды. Ол жерді, ақпен емес, түрлі түсті лакпен бояған ерекше көрінеді. Мұндай маникюр кез келген пішіндегі тырнаққа келе береді.
Кері френчтің артықшылығы — ішкі контурдың себебінен саусақтарыңыз визуалды түрде жіңішке әрі нәзік көрінеді. Оны өз қалауыңызға қарай түрліше жасатуға болады. Тіпті, бірден френчтің екі түрін де істеуге болады.