Кеңсеге бірге ала баратын бояулар

Кеңсеге бірге ала баратын бояулар
Фото: comode.kz

Кеңседе жұмыс жасап отырып, өз-өзіңізге көңіл бөлмей кетеміз. Аяқ астынан шаралар ұйымдастырылып, ел алдында сөз сөйлеу керек болса, таңертең асығып жүріп боянбағаныңыз есіңізге түседі. Осы сәтте сізде ыңғайсыздықтан шығару үшін "кеңсе үстеліндегі бояуларыңыз" көмекке келеді.

Ерінге арналған бальзам

Ерін терісі жұқа әрі сезімтал келеді. Сондықтан ауа температурасының көтеруі, жел, жауын кезінде оған еркеше күтім керек. Еріннің жарылуынан сақтайтын бальзамдар әрқашан жұмыс үстеліңізден табылуы тиіс.

Теріні ылғалдыратын майлықтар

Теріні үнемі ылғалдандырып, оның күтіміне бір кезек мән берген дұрыс. Жұмысбастылықтан теріге күтім жасау мүмкін емес. Бірақ терінің түрі қарай арнайы майлықтарды алып сүртініп тұрған абзал.

Қолға арналған май

Арулардың қолдары үнемі нәзік әрі жұмсақ болуы тиісүтім тек демалыста ғана емес, әр кезде керек. Қолды жуған сайын ылғалдандырғыш май жағып, күтім жасау керек. Жұмыс үстелінің тартпасында осындай майлардың болғаны дұрыс.

Опа

Әртүрлі жағдайдан кейін беттің қызаруын жасыратын опа да жоғарыдағы тізімге жазылады. Беттің балғын әрі әдемі көрінуі үшін опаның қол астыңыздан табылғаны дұрыс.

Ашық түсті далап

Ашық түсті далап аяқ астынан ұйымдастырылған шарада сізге ажар бере түседі. Бетіңізді әрлемесеңіз де, әдемі түске ие болған ерін әрқашанда алып шығады.

Түссіз лак

Маникюр жасатып жүруге уақыт табыла бермесі анық. Сондықтан трнаққа өздігңізден күтім жасау керек. Саусақтарыңызды нәзік көрсету үшін түссіз лакпен бояңыз. 5-10 минут уақытыңызды бөле аласыз.

Г. Берік