- Негізгі бет
- Сымбат
- Қазақ даласының иісі...
Қазақ даласының иісі шығатын парфюм жасалып жатыр
Жақын арада еліміздің сауда орындарынан "made in Kazakhstan" иіс суын сатып алуға мүмкіндік туады.
Астаналық химик ғалым Ерлан Сүлейменовтың айтуынша, парфюм қазақ даласында өсіп жатқан шөптерден алынған эфир майларының негізінде жасалады. Бәрімізге таныс жайлау иісіне ие иіс судың емдік қасиеті де болады екен. Авторлардың айтуынша, елдің әрбір патриоты бұл тауарды сатып алуға ынтық болады.
"Қазақстанның флорасы өте бай: 6 000-нан астам өсімдіктің көбі эфир майына қанық. Осы қосылыстар арқылы парфюм жасап, тауарды "Қазақстан даласының жұпар иісі" брендінің аясында сатылымға шығарамыз", - деді Сүлейменов.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: russian.china.org.cn