Қайызғақты кетіргіңіз келсе

Қайызғақ – тері бездерінің күшеюінен немесе нашарлануынан пайда болатын тері ауруы. Шашты, теріні  күтпегеннен, зат айналымының дұрыс жұмыс істемеуінен және дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Сонымен қатар, қайызғақ инфекция арқылы да жұғуы мүмкін. Осы тұрғыда майлы шаштағы қайызғақты сусабынмен  жуып құрғату керек болса, ал құрғақ шаштарға керісінше, яғни, оны емдеп, болдырмаудың  түрлі тәсілдері бар. Десе де, оған қарсы шараны жүзеге асырар бұрын оның неден, қалай пайда болуының себебін анықтап алғанымыз   жөн. 

– Ең бірінші себебі, дұрыс тамақтанбау.

Ащы, тұзды, майлы және қуырылған тағамдар

Ұннан жасалған өнімдер мен тәттілер, көмірсулар әсерінен.

– Екінші, жеке гигиенаның сақталмауы

Өйткені, қайызғақ жұқпалы болып келеді.

– Дәрумен жетіспеушілік

Жеміс-жидек пен  көкөніс көп жеуге тырысу қажет. Денсаулықтың ғана емес, сұлулықтың да кілті дәруменде.

Шашқа  қайызғақ түсуі оны дұрыс күтпегеннен де болады. Сондықтан, мына масканы жасап көруге  кеңес береміз:

Қалақайдың 100  г ұсақтап кесілген жапырағын сірке суы мен су қоспасына (жарты литр 6 проценттік сірке суы мен жарты литр су) салып 30 минут қайнатады. Шашты сүзілген қайнатындымен(сабынсыз) 10 күн сайын жуып тұру керек.

Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз! Іске сәт!

anabol.kz