Бас терісінің әрдайым қышуы және киімге түскен өлі тері бөлшектерінің көрінуі өте жағымсыз сезімдердің бірі. Мамандардың айтуынша, жас шамасының өзгеруі, қандай да бір ауруды бастан өткізу, жыныс ерекшелігі және дұрыс тамақтанбау қайызғақтың түзілуіне және оның көбеюіне әкеледі екен. Мысалы, қайызғақ еркектерде көп кездеседі. Себебі олардың бас терісіндегі темір мөлшері үлкен болғандықтан, тері майын көп түзеді. Арнайы құралдардың көмегінсіз қайызғақтан құтылу жолдары Шай ағашы майы қосылған сусабын қолданыңыз.Зерттеулер нәтижесі бойынша басыңызды құрамында шай ағашы майы бар сусабынмен (денсаулыққа арналған дүкендерде сатылады) жуу өзінің емдік қасиетінің арқасында қайызғақты кетіруге көмектеседі екен. Е дәруменіне, мырышқа және пайдалы майларға бай азық-түліктер жеңіз. Тамақтануға келсек, мамандар Е дәруменіне, мырышқа және пайдалы майларға бай азық-түліктер қайызғақтың пайда болуына себепші болатын құрғақтықты азайтады. Қайызғақтың азаюына көмектесетін азық-түліктерге банан, саумалдық, грек жаңғағы және бұршақтар жатады. Күйзелістен арылыңыз. Күйзеліс түрлі проблемалардың негізгі себепшісі. Сонымен қатар, күйзеліс қайызғақтың пайда болуына да әсерін тигізеді. Медитация және релаксация техникасы секілді жаттығулар жасау арқылы күйзелісті азайтуға болады.