Қауіпті сұлулық

Қауіпті сұлулық

Далап, тырнаққа арналған лак, тар киім... Бұның бәрі арулардың қолында сұлулықтың қаруына айналады. Алайда күнделікті қолданатын сұлулық тауарлар денсаулығымызға қаншалықты қауіпті?

Далап

Далап өндірушілерінің көбі (400 өндіруші) өндірісіте адам ағзасына қауіпті қорғасынды қолданады. Қорғасын адам ағзасындағы басты процесстерге және барлық мүшелеріне зиян. Бұл металлдың ерін терісімен күнделікті жанасуы денсаулықты айтарлықтай құрта алады. Зерттеулердің айтуынша, қорғасын заманауи тағам түрлерінде де жоқ емес. Сондықтан ішетін асыңызды да, ерніңізге жағатын далапты да мұқият таңдап, құрамына кіретін заттар тізімімен танысыңыздар. Қазірде табиғи заттар негізінде жасалатын, минералдар қосылған далаптар бар.

Ерінге арналған жылтыр

Барлық ерінге арналған жылтырлардың құрамында вазелин майы кездеседі. Дәл осы құрамдас зат еріндерге ерекше жылтыр бере алады. Алайда вазелин мұнай өндірісінің өнімі болып табылады. Еуро Одақ өз жерінде вазелин қосылған өнімдерді өндіруге қатаң тыйым салды. Зерттеулер нәтижесінде вазелин онкологиялық ауруларға алып келе алатыны белгілі болды. Мысалға айтсақ, кеуде обырына шалдыққан әйелдердің ағзасында вазелин және оның құрамдас бөліктері сау әйелдерге қарағанда екі есе көп екен. Бұл тікелей болмаса да, вазелиннің қаупін көрсетеді. Сондықтан, сіз де түрлі ерінге жағатын жылтырларға әуестенбей, оның құрамын мұқият зерттеңіз. Оданша табиғи негізде жасалған, емдік қасиеттері бар бальзам сатып алыңыз.

Тырнаққа арналған лак

Лактардың көбісінің құрамына кіретін DBP атты белсенді зат табылғаннан кейін мамандар оны мүлдем қолданбауға кеңес берді. Қазірде көп өндірушілер осы тыйымға байланысты DBP затынан бас тартты, алайда лактың құрамында қалған формальдегид сынды заттар демікпе (астма) мен қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соғады. Кейбір мамандардың айтуынша, қауіпті заттар тырнақтың бетінен ағзаға өту мүмкіндігі өте аз. Қалай болғанмен тырнаққа арналған лакты барынша аз қолданған дұрыс.

Күннен қорғайтын крем

Қоршаған ортаны сақтау бағытында жұмыс жасайтын мамандар тобының жасаған зерттеулері бойынша, күннен қорғайтын кремдердің 40 пайызында кездесетін А дәрумені күннің көзімен бірігіп теріге үлкен зақым тигізе алады екен. Тышқандарда жүргізілген тәжірибе нәтижесінде олардың обырға шалдыққаны анықталды. Айта кетсек, тышқандар адамдарға қарағанда обырға шалдығу мүмкіндігі көбірек, сонда да абай болып, күннен қорғайтын кремдердің арасынан сапалы түрлерін алып, күннің астында көп жатпаған жөн.

Дезодорант

Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, қарапайым дезодорант-антиперспиранттар денсаулыққа өте зиян деген пікір пайда болды. Оның құрамындағы кейбір химиялық элементтер ағзадағы эстроген шамасын арттырып, кеуде обырына әкеле алатындығы жайлы қазір де көптеген дәрігерлер айтуда.

Шаш бояу

Арамызда шаш бояйтын арулар аз емес. Алайда шаштың түсін қалауыңызша өзгертіп отыру қауіпті бола алады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, 1980 жылдан бастап шашын күңгірт түске бояғандар лимфоманың қауіпті түріне шалдыққан екен. Ал шаш бояуымен ылғи жұмыс жасайтын шаштараздар кеуде обырымен ауыру мүмкіндігі басқалармен салыстырғанда үш есе артық. 

Арзан бижутерия

Бижутерия көп ақшаны жұмсамай-ақ бейнені сәндеудің бірден-бір құралы. Арзан бижутерия бұйымдарын зерттеу нәтижесінде олардың құрамында қорғасын, күшән (мышьяк), кадмий мен сынап табылды. Зерттелген бұйымдардың төрттен бір бөлігіндегі токсиндер мен қауіпті заттардың шамасы адамның ойлау қабілетіне зақымын тигізіп, қатерлі ісік сияқты ауруға әкелуі мүмкін. Бижутерияны тек кейде, арнайы отырыстар мен жиындарға киіп, күнделікті өмірде күміс, алтыннан жасалған сырға мен сақиналар таққан дұрыс. 

Тар киім

Бәріміз ішті тартып тұратын корсеттер денсаулықққа зиян екендігін білеміз. Бірақ заманауи сәнді тар джинсы-скинни шалбарлары да дәл сол корсет сынды денені қысып, қан айналымына кедергі болатындығы жайлы ойланбаймыз. Сондай-ақ тартып тұратын тар іш киімдер, іш корсеттері, жалпы өзіңізге қысатын киім тромбтардың пайда болуына септігін тигізеді. Олар теріге, қан айналымына, жалпы денсаулыққа теріс әсер ете алады.

Перманентті макияж

Перманентті макияж немесе косметикалық татуировка теріге алдын ала салынған "стрелка", қастың пішіні, ерін шекарасы бола алады. Бұл аруларға таңертеңгі уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайды басқаша "микропигментация" деген атпен белгілі дауа қауіпті екен. Перманентті макияж ісінулер, терінің зақымдануы мен қатерлі ісіктің бастамасы. 

Әрине барлық косметикалық құралдар арнайы тестілеуден өткізіледі, алайда олардың көптігі соншалықты, әрқайсысын дұрыс тексеруге өте көп уақыт керек. Өзіңізге косметикалық құралдар алғанда құрамы барынша табиғи болуын қадағалаңыз. Табиғи өнімдер, минералдар негізіндегі косметика қазір аз емес. Сондай-ақ артық, онша қажет емес құралдарды жиі қолданбай-ақ қойыңыз. Жасандылықты барынша қысқартыңыз, сонда табиғи сұлулығыңызға деніңіздің саулығы да қосылады!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: knk11.wordpress.com

А. Әбілхан