- Негізгі бет
- Сымбат
- Қастың сиреуіне әкелетін...
Қастың сиреуіне әкелетін зиянды әдеттер
Егер қасыңыз өзінің табиғи қалыңдығын жоғалтып жатқанын байқасаңыз, әдеттеріңізге анализ жүргізіңіз. Сіз байқамауыңыз мүмкін, бірақ жүйелі түрде қайталанатын кей қарапайым әрекеттер қасыңыздың сиректенуінің басты себепшілері бола алады.
Қасты қасу
Кей адамдар ойланып отырып, еріксіз қастарын қасиды және оларды тарта бастайды. Егер сізде де бұл әдет болса, одан жылдам арылуға тырысыңыз. Себебі ол қастың азаюына және түсуіне әкеледі.
Қас жұлу
Қасты импульсивті жұла беруді трихотилломания деп атайды. Ол темір мен мыс жетіспеуінен пайда болады. Бұл құбылыс сондай-ақ бас зақымы, күйзеліс немесе депрессиямен байланысты болуы мүмкін. Егер проблеманы мойындап, онымен өздігінше күрескіңіз келсе, бұл әдетке балама табыңыз. Егер шаш немесе қас жұлғыңыз келіп тұрса, басқа нәрсеге алаңдауға тырысыңыз. Сүйікті хоббимен немесе физикалық жүктемемен айналысыңыз.
Бетке арналған кремді қасқа жағу
Кей қыздар үнемдеу үшін және қас жағдайын жақсарту үшін бетке жағатын кремді қасқа да жағып жібереді. Алайда оған қас күтіміне арналған арнайы косметика қолдану ұсынылады.
Бақылаусыз дәрумендік қосымшалар ішу
Әйелдер шаш өсіру үшін жиі дәрумендер жинағын ішеді. Алайда оларды мөлшерден тыс қабылдау да зиян. Сондықтан кез келген дәрумен және биологиялық белсенді қоспалар ішер алдында дәрігердің кеңесін алу керек. Дәрігер анализ нәтижесіне қарай шешім қабылдайды.
Рационнан жануар ақуызын алып тастау
Шаш түсуінің ең кең тараған себебі — жануар ақуызын шектейтін қатаң диеталар ұстау. Бұл проблема жиі етті тағмдардан бас тартқан немесе тек ақ ет (тауық, күркетауық) жейтін адамдарда пайда болады. Дәрігерлер қызыл еттен мүлдем бас тартуды ұсынбайды. Мұндай шектеулер жануар ақуызында болатын маңызды аминқышқылдардың жетіспеуіне әкеледі. Уақыт өте теміртапшылықты анемия пайда болады. Шаш түсу — осы аурудың ең анық белгісі.
Шашты және қасты бір бояумен бояу
Бұл әдетіңізбен мүлдем қассыз қалуыңыз мүмкін. Бастағы шашқа арналған құрамдарда агрессивті құрауыштар көбірек. Бас терісі оны жақсы көтере алады, ал қас түйіндері одан зақымдалып қалуы мүмкін. Сол үшін де қас астындағы тері қатты тітіркеніп, қастарыңыз сынып, түсе бастайды. Оған қоса, шаш бояйтын бояуларды теріден кетіру қиындау.
Қасқа жиі ламинирлеу процедурасын жасау
Ламинирлеу процедурасынан соң қас күтімді әрі қалың көрінеді. Бірақ бұл процедураның өз шектеулері бар. Оны жылына 4-5 реттен артық жасау ұсынылмайды. Әйтпесе, қастар әлсіреп, түсе бастауы мүмкін.