Танымал MAC косметикалық компаниясы қас күтіміне арналған The Stylish Brow желісін шығарды.
Brow Duos жұп бояуы
Күңгірт түсті үш түсте орындалған жұп бояулар шаштары қоңыр, ашық сары және қызыл-қоңыр қыздарға арналған.
Fluidline Brow Gelcreme крем тектес бояулардың төрт қанық түсі бар.
Eye Brows қасқа арналған қарындаш қасты бірқалыпты бояп, пішінін келтіреді.
Ал Veluxe Brow Liner қарындашының бір шетінде қас тарап, бояуды жағатын жаққыш бар.
Әрине қас күтіміндегі таптырмас құрал - пинцет.
MAC 208 Angled Brow Brush. Осындай кішкентай жаққыш құрғақ не кремтектес бояуды жағуға арналған.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: Thinkstock