Әдетте адам арықтаймын деп шешім қабылдаған кезде картоптан бас тартады. Көп адам картоп диетасының әсері мол екенін мойындай бермейді. Осыған байланысты ғалымдар картоптың қаншалықты пайдалы немесе зиян екенін анықтауға тырысты.
Картопты арықтау үшін пайдалануға бола ма?
Технология университетінің мамандары келесідегідей қызықты тәжірибе жүргізді. Бірінші топқа төмен калориялы және жоғары гликемиялық индекс көрсеткіші бар адамдар кірді. Ал екінші топты төмен гликемикалық индексі бар жандар, үшінші топты ешқандай да диетаны ұстанбайтын адамдар құрады. Олардың барлығы да аптасына 5-7 рет картоптан жасалған тағам жеген.
Тәжірибе нәтижесіне сәйкес, олар картопты пайдаланса да, арықтаған. Яғни арықтау үшін тұтынатын калорияның санын шектеу керек.
Олай болса картоптан қандай тағам дайындауға болатынын қарастырайық. Олардың ішінен калориясы төмендерін табуға болады. Мысалы:
- көкөніс пен картоп қосылған сорпа;
- картоп қосылған пюре;
- өсімдік майы қосылған картоп салаты;
- асылған картоп;
- картоп пісірмесі;
- қуырылған картоп;
Тағы нені білуіміз керек?
Картоптың құрамында макро және микро элементтер, түрлі дәрумен болғандықтан, денсаулығымызға өте пайдалы. Олар - йод, калий, калций, магний, бал, фосфор, цинк, хром, селен, А, С, В, 1, 2, 5, 6, 9, Е, РР. Мұнымен қатар бүйрегі ауыратын адамдарға көмегі мол.
Картоптың семіруге ешқандай қатысы болмағандықтан, оны не нәрсемен бірге тұтынатындығымызды ойлауымыз керек. Көп жағдайда майонезбен, ірімшікпен, маймен жейміз. Аталған калориялы қоспалардан бас тарту арқылы оны денсаулығымызға еш зияны жоқ тағамға айналдыра аламыз.
Сурет: rumbur.ru