- Негізгі бет
- Сымбат
- Кәріс жұлдыздары қалай...
Кәріс жұлдыздары қалай арықтайды?
Кәріс телехикаяларын көріп отырған кезде бойжеткендердің бет терісі таза, ал денесі сымбатты болып келетінін байқаймыз. Жұлдыздар мұның барлығы тек қажырлы еңбектің арқасы екенін айтады.
Көп адам өзінің толықтығын тұқымқуалаушылықпен байланыстырады. Алайда мұның барлығы артық салмақтан арыла алмай жүрген жандардың сылтауы болуы мүмкін. Бастысы кез келген адамның арықтай алатынын біліңіз.
Корей елінің дәстүрлі асханасындағы тағамдардың калориясы өте аз болады. Мұнымен қатар, қоспаларында зат алмасу процессін реттейтін көк шөптің түр-түрі бар. Осы қасиетінің арқасында кәріс диетасы танымалдылыққа ие болуда. Әсері басқа диеталардан әлдеқайда күшті.
Кәріс жұлдыздары қалай арықтайды? Арыктауга арналған диетаның қандай түрін ұстайды?
Олар диетаны 13 күн ұстайды. Аз уақыт ішінде ағзалары толықтай тазарады. Нәтижесінде зат алмасу процессі реттеліп, артық салмақтан арылады. Диета біткен соң да ағза тамақты бойға тез сіңіретін болады.
Бұл диетаның авторларының айтуынша, диета ұстау мерзімі аяқталса да, әсері көпке дейін созылады екен.
Кәріс диетасы ұнды, тұзды, қантты, тәтті тағамдар мен ішімдікке тыйым салады. Сондықтан тәтті тағамдарды жақсы көретін жандарға бұл диетаны ұстау қиынға соғады.
Бірінші күн:
Таңғы ас – сүтсіз, қантсыз кофе.
Түскі ас – бірнеше жұмыртқа, піскен орамжапырақтан жасалған салат. Салатқа кішкене өсімдік майын қосуға болады.
Кешкі ас - қантсыз, тұзсыз томат шырыны.
Екінші күн:
Таңғы ас – қантсыз, сүтсіз кофе, бір тілім кептірілген нан.
Түскі ас – пісірілген немесе қуырылған балық, жаңа піскен көкөністерден жасалған салат. Бұл салатты да өсімдік майымен араластыруға болады.
Кешкі ас – майсыз 1 стақан айран мен 100 г майсыз ет.
Үшінші күн:
Таңғы ас – сүтсіз, қантсыз кофе.
Түскі ас - өсімдік майында қуырылған кәді.
Кешкі ас – бірнеше пісірілген жұмыртқа, пісірілген сиыр еті, орамжапырақтан жасалған салат.
Төртінші күн:
Таңғы ас – қантсыз, сүтсіз кофе.
Түскі ас – шикі жұмыртқа, 3 пісірілген сәбізді өсімдік майына араластыру.
Кешкі ас – кез келген жаңа піскен жеміс-жидек.
Бесінші күн:
Таңғы ас – шикі сәбіз бен лимон шырынынан жасалған салат.
Түскі ас – пісірілген немесе қуырылған балық, тұзсыз томат шырыны.
Кешкі ас – кез келген жаңа піскен жеміс-жидек.
Алтыншы күн:
Таңғы ас – қантсыз, сүтсіз кофе.
Түскі ас – пісірілген тауық етінің тең жартысы, орамжапырақ пен сәбізден жасалған салат.
Кешкі ас – бірнеше пісірілген жұмыртқа, шикі сәбізге өсімдік майы қосылған салат.
Жетінші күн:
Таңғы ас – қантсыз шай.
Түскі ас – пісірілген сиыр еті мен кез келген жаңа піскен жеміс.
Кешкі ас – бұған дейінгі жеген кез келген тағамды жеуіңізге болады. Тек жұмыртқа, орамжапырақ, сиыр еті сынды тағамдарға тыйым салынады.
8-күн: 6-күннің мәзірі;
9-күн: 5-күннің мәзірі;
10-күн: 4-күннің мәзірі;
11-күн: 3-күннің мәзірі;
12-күн: 2-күннің мәзірі;
13-күн: 1-күннің мәзірі.
Ал сіз қалай арықтадыңыз?
Қ. Бүйенбай