- Негізгі бет
- Сымбат
- Қарбыздан жасалатын маскалар...
Қарбыздан жасалатын маскалар
Қазір қарбыз науқаны. Қарбыз жеп денсаулықты жақсартып қана қоймай, одан түрлі маскалар жасап, бет терісін де қалыпқа келтіріп алуға болады.
Құрғақ теріге арналған қарбыз маскасы
Қарбыздың бір кесе жұмсақ бөлігіне бананның жарты жұмсақ бөлігін салып, езіп, бетке жағады. 10-15 минут ұстап, жуып тастаңыз. Майлы тері үшін бананды айранмен алмастырыңыз.
Жасартатын маска
Қарбыз маскалары шаршаңқы, солған теріге өте жақсы. Бетті балғындыққа бөлеп, қатайтады. Таза дәке майлығын алып, қарбыздың шырынына батырып, бетіңізге тегістеп салыңыз. 15-20 минуттан кейін майлықты алып, жуыныңыз. Жақсы нәтижеге жету үшін бірнеше рет жасау керек.
Солғын теріге арналған маска
Балды қарбыздың жұмсағымен жақсылап араластырыңыз. Бетіңізге жағып, 15-20 минут ұстаңыз да, жылы сумен жуып тастаңыз. Маска бетті қатайтып, ылғалдандырады.
Сергітетін маска
Жарты стақан қою ұнтақ ботқасына (манная каша) бір жұмыртқаның сарысын қосамыз, араластырып, үстіне қарбыз шырынын, бал және өсімдік майын, кішкене тұз қосасыз. Масканы бетіңізге 20-30 минутқа жағып, жатыңыз да, кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска бетті бірден сергітеді.
Бетті ағартатын қарбыз маскасы
Бетті ағарту үшін қабықтың жұмсақ жағымен бетіңізді таңертең және кешке уқалап, сүртіңіз. Бірнеше күннен кейін бетіңіз ағарып, тазарып қалады.
Қалыпты және құрғақ теріге арналған маска
Бір жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық қарбыз шырынымен араластырып, кішкене қаймақ пен өсімдік майын қосыңыз. Қою болу үшін кішкене наның жұмсағын қосып жіберсеңіз болады. Қоспаны бетіңізге жағып, 20 минуттан кейін жуып тастаңыз.
Суреттер: izum.ua, sehife.az
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina