Қараторы теріге арналған макияж

Көп қыз қараторы тері аққұба теріге қарағанда әдемірек әрі тартымды деп есептейді. Кейбіреулері табиғатынан қараторы болып келеді, кейбірі қараю үшін күн біраз уақытын күн астында өткізуі керек, ал басқалары автоқараюды немесе солярийді пайдаланады. Ал біз қараторы теріге арналған макияж жайлы әңгімелейміз.

Қараторы қыздарға арналған макияж: жалпы сипаттама

Мінсіз макияж жасау үшін негізін дұрыс қалау маңызды. Қараторы теріге қошқыл, қоңыр түсті корректорлық құралдар пайдаланған абзал. Егер тоналды құрылғының реңкі тері реңкінен біраз ашық болса, онда макияж табиғи көрінбейтін болады.

Жақ сүйектерін айқындауға алтын түстен кофе түсіне дейінгі реңктегі еңліктер жарайды. Мерекелік макияжға жылтылдаған бөлшектері бар қола корректорларды пайдалану орынды, бұл теріге ғажайып тартымды жарқыл береді.

Тері

Көп адам қараторы тері әрдайым жұмсақ, жібектей болып келеді деп ойлайды, алайда бұл тұжырым шындыққа сай емес. Қараторы тері кез келген басқа тері сияқты құрғақ, сезімтал, проблемалы болып келеді, алайда қараторы тері көбіне майлы немесе түйдектелген болады. Мұндай тері арнайы күтімді қалайды. Арнайы осындай теріге арналған құралдар және құрамында майы жоқ тоналды кремдер пайдаланған жөн. Бұл терінің жылтырауын басып, тегістеп, кемшіліктерді жасырады. Сонымен қатар көзді боямас бұрын қабақ тұсын майсыздандырып, мұқият опалау қажет. Егер бұл процедураларды жасамаса бояу бірер сағаттан кейін ағып кетеді. Қазірде қараторы теріге арналған косметиканың түр-түрі бар.

Табиғи реңкіңізді айқындап, теріңізге тегіс жататын тоналды кремді бірден тауып алу оңай емес. Айтып өткеніміздей, теріңізден бірер реңкке ашық реңк макияжды құртады, теріңізден тым қошқыл реңк бет терісін одан бетер қарайтып жібереді. Бірақ алған косметикаңызға көңіліңіз толмай, тастай салмаңыз. Тәжірибе жасаңыз. Қошқыл тоналды кремді одан ашық реңкпен араластыруға болады немесе ылғалдандыратын креммен араластырып көріңіз. Бетке жағылған қошқыл тоналды кремді жұмсақ алқызыл еңлікпен сұйылтып жіберуге болады. Соңында «Т-аймақты» — маңдай, мұрын, иекті жақсылап опамен бекіту қажет. Ол үшін ұнтақ опаны пайдаланыңыз және ылғалдандырғыш крем мен тоналды крем толықтай сіңген соң ғана жағыңыз.

Көз

Қараторы қыздар көздерін табиғи пастель түстерімен де, жарқын қанық түстермен бояй берулеріне болады. Бояудың реңкі айқын болуы үшін оны ылғал апплиактормен жаққан дұрыс. Айта кететіні, ылғал жаққыш, аппликтор немесе ылғал мақта таяқшамен көздің пішінін айқындау ыңғайлы. Көз бояуын осылай жағу арқылы көзге арналған қарындашты алмастыруға болады.

Күнделікті макияжға визажистер қараторы қыздарға құм реңкті, қола немесе қоңыр түсті көз бояуларын қоңыр қарындашпен пайдалануға кеңес береді. Кешкілік мейкапқа қызғылт сары реңктері, шоколад-алтын немесе басқа да ерекше түстер жарайды. Сүрмеден қарапайым қара түстісі де, сонымен қатар көз бояуды қайталайтын ашық түстісі де жарайды.

Қараторы қыздардың көбіне кірпіктері ұзын болып келеді. Арнайы қысқышпен кірпікті бұрап, қара тушьпен бояңыз.

Қас

Қараторы қыздардың көбіне қасы қалың болып келетіні анық. Сондықтан артық қылшықтарды уақытылы жұлып, жинақы болғанын қадағалау керек. Қасқа арналған қоңыр түсті бояу қас формасын айқындап, қалыңдығын біркелкі етеді. Терісі одан да қара қыздар қас боюуға қара қарындашты пайдаланса да болады. Бірақ оны тұтас боямай, үзік-үзік сызықшамен бояған жөн, осылайша қас табиғилығынан айрылмайды.

Ерін

Қараторы теріге арналған макияжда ерінге жарқын реңктер және қызыл, алхоры түстес, қызыл-қошқыл сияқты батыл түстерді пайдалану дұрыс. Ерінге арналған перламутр ерін жылтырағы тамаша жарасады. Қараторы тері ірі жылтыр бөлшекті жылтырақтарды пайдалануға мүмкіндік береді, бірақ ол үшін көз бояу реңкі де байсалды болғаны абзал. Егер көз де, ерін де ашық реңк пен жылтыраққа тұнып тұрса, артық болып кетеді.

Қараторы қыздарға кеңес

Мейкаптың алтын заңы қараторы қыздарға да арналады: басты екпінді не көзге, не ерінге жасау қажет. Тек би кеші сияқты ерекше макияжды талап ететін кездесулерге ашық түстерді пайдалана аласыз, онда да далап пен көз бояуының реңктерін жақсылап үйлестіру қажет.

Егер мейкапта көз бояу мен далаптың ақшыл реңктерін пайдаланып үйреніп қалсаңыз, онда көз айналасын міндетті түрде қарындаш не сүрмемен бояуды әдетке айналдырыңыз, сонымен қатар еңлік жағуды ұмытпаңыз.

Күнделікті макияжға қараторы қыздарға жарқын перламутр көз бояулары мен мөлдір ерін жылтырағы жарайды. Кешкілік макияжға қою, қошқыл реңктерді пайдалануға болады.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина