- Негізгі бет
- Сымбат
- Қара нүктелерді қалай...
Қара нүктелерді қалай жеңуге болады?
Қара нүктелер бір қарағанда ғаламдық мәселе болмағанымен, әдемілікке құмар қыз баласы үшін шешуді талап ететін мәселе болатыны анық. Оған мән бермеуге тырысқанмен, айнадағы бейнеге қарап, жалпы сәніңді кетіріп тұратынын байқайсың. Қара нүктелер жайлы біржолата ұмыту үшін олармен қалай күресу керек?
Қара нүктелер терідегі ұсақ тесіктердің шаң, кір, косметика мен тері майының бөлшектерімен бітеліп қалуы нәтижесінде пайда болады. Көбіне мұндай мәселе терісі майлы және аралас типті қыздарды мазалайды. Олардың май бездері артығымен жұмыс істейтіндіктен, ұсақ тесіктер кеңейіп, бет жылтырайды.
Мәселені шешу үшін, кем дегенде қара нүктелерді сықпау керек – бұл мәселені одан сайын ушықтырады.
Сауатты амал – бұл, біріншіден, май бездерінің жұмысын жеделдетпеу, яғни, майлы, ащы және тұзды тағамдарды азырақ жеу. Екіншіден, аптасына екі-үш рет теріні тазарту үшін жұмсақ скраб (өте ұсақ және жұмыр дөңгелек полимерлі) пайдалану, ал қалған уақытта – өсімдік (АНА) немесе салицилл (ВНА) қышқылдары бар құралдарды (гель, лосьон және кремдер) қолдану. Олар барлық артық заттарды жақсы кетіреді. Сонымен қатар аптасына бір рет аталған қышқылдардың негізінде жасалған арнайы пилингтер мен маскалар да жақсы әсер береді.
Безеу мен қара нүктелерге қарсы Түзетуші крем-гель Effaclar Duo,
скраб «Чистая кожа Актив», Garnier; La Roche-Posay
Жуынуға арналған тазартқыш гель Қара нүктелерге қарсы күнделікті
Tea Tree, The Body Shop скраб Clean & Clear
Қара нүктелерден арылуға арналған бағдарлама жасап, оны ұстануға тырыс: күнделікті теріні терең тазарт – жуынуға арналған гельдің көмегімен 5 минуттан кем емес уқалап жу. Аптасына екі рет терінің проблемалы аймағын қайнаған суға шыланған спонжбен терлет. Ұсақ тесіктерді терлеткен соң оны жабу керек – суық сумен жуын. Кейін теріні салицилл лосьонымен сүртіп, крем жақ. Проблемалы аймақты терлету мен маска, пилингті апта сайын кезектестіріп жаса. Терің әдемі болсын!
Сурет: ellegirl.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina