- Негізгі бет
- Сымбат
- Қара нүктелер? Ондайды...
Қара нүктелер? Ондайды білмеймін
Көптен күткен көктемге дейін бір-екі апта қалды. Осы уақытты дұрыс қолданып, өзіңізді ретке келтірсеңіз болады. Қыздар ғана емес, жігіттерде де кездесетін бет терісінің кемшіліктерінің бірі - қара нүктелер. Бұл безеу мен ұшық сияқты қатты көзге көрінбесе де, жалпы түрдің сәнін қашыртады.
Қара нүктелер, немесе комедондар бет терісінің май бездерінің шаң немесе кірмен бітелуіне байланысты пайда болады. Осы себептен терінің ұсақ тесіктері қара түске бояна бастайды. Адам көзіне ол қара нүктелер болып көрінеді.
Комедондар беттің Т-зонасында көптеп шығады, себебі бұл жердің терісі майлы болып келеді. Сондықтан қара нүктелерді көбінесе мұрын, маңдай және иекте байқаса болады.
Назарларыңызға ұсынылып отырған маскамен қара нүктелерді кетіруге болады.
Құрамы:
1 шай қасық сода;
1 шай қасық тұз;
Крем;
Жуынуға арналған көбік.
Құрамдас заттарды араластырып қоямыз. Бет терісін көбік немесе басқа да сұйықтықпен тазалаймыз. Қоспаны бетімізге жағып, қолымызбен ысқылаймыз. Назарыңызды қара нүктелер көп жиналған жерлерге бөліңіз. Масканы бетте 5 минутқа қалдырып, кейін жуып тастаңыз. Бетіңіз қызаруы әбден мүмкін. Бұл жарты сағаттан кейін дұрысталады. Теріңіздің қызарғаны кеткеннен кейін бетіңіздің кіршіксіз таза екенін байқайсыз. Қара нүктелер екі аптадан кейін оралуы әбден мүмкін. Масканы сол уақыта қайталасаңыз болады.
Бұл кеңестің пайдасы туралы форумға жазып отырыңыздар.
Сурет kadinoloji.com сайтынан алынды.