- Негізгі бет
- Сымбат
- Камераны сүйетін қыздарға...
Камераны сүйетін қыздарға 10 кеңес
Бүгінде суретке түсуден шармайтын қыздар көп. Камерадан тартынбайтын адамдар ашық-жарқын болып келеді. Олар өздерінен де, өзгеден де қысылмайды. Өз бойында жұрт көруге тұрарлық қасиет барын біледі. Сондықтан камераны жақсы көретін қыздар қауымына мына кеңестерді арнаймыз.
1. Суретке түсерде өз бағытыңызды дәл кадрдың ортасынан емес, оң жағынан немесе сол жағынан іздегеніңіз дұрыс.
2. 45 градусқа бұрылып, объектив бағытымен мойыныңызды бұрыңыз.
3. Екі аяқты да бір сызыққа қоймай, бір аяғыңызды алдыға қарай шығарып тұрыңыз. Ал бар салмақты артта тұрған аяққа түсіріңіз.
4. Ішіңізді тартып, иығыңызды түзеңіз. Басыңызды көтеріп, дірілдемеңіз. Бастысы – демалуды ұмытпаңыз.
5. Фоторафтан отырып немесе төменнен түсіруін өтініңіз. Сонда аяқтарыңыз ұзын әрі, түзу болып көрінеді.
6. Егер отырып түсетін болсаңыз, аз ғана бұрылып аяғыңыздың ұшын тіреп отырыңыз. Сонда аяқтар әдемі болып көрінеді.
7. Егер бір адаммен немесе бір затпен суретке түсіп жатсаңыз көз алдау үшін неше түрлі қулық жасаудан ұялмаңыз. Мысалы, толық болсаңыз, екі-үш қадам ары тұрыңыз. Сонда алдағы нысанға қарағанда арықтау көрінесіз.
8. «Құс ұшқанын» күтпей, өзіңізді еркін сезініп, күлімдеңіз.
9. Фотографтан суреттерді үш-төрт рет қайталап түсіруін өтініңіз. Әрқайсысын қалай шыққанын көру арқылы тұрысыңызды, көзқарасыңыз бен күлкіңізді өзгертіп отырыңыз.
10. Камера қосылғанда қобалжып қалмау үшін, алдымен айна алдында жаттығып алыңыз.
А. Әбілхан