- Негізгі бет
- Сымбат
- Калориясы ең аз...
Калориясы ең аз жаңғақтар
Жаңғақтар — пайдалы майлардың, өсімдік ақуыздары мен дәрумендердің нағыз көзі. Олар ағзаға бірнеше сағатқа жететін энергия сыйлай алады. Бастысы — мөлшерін білу. Құрамындағы пайдалы заттардың көптігіне қарамастан, жаңғақтардың калориялы өнім екенін ескерген жөн. Сондай-ақ, майда қуырылған, тұзды немесе қанты бар жаңғақтар артық салмақ пен ісінуге әкелетінін ұмытпаңыз. Тек шикі, суға малынған немесе пеште майсыз қуырылған жаңғақтар ғана өзінің пайдалы заттарын сақтайды. Кез келген жаңғақтың калориясы жоғары болғандықтан, оларды күніне бір уыстан артық жемеу ұсынылады. Осы материалда салыстырмалы түрде калориясы төмен жаңғақ түрлерін ұсынамыз.
Кешью
Бұл кішкентай дәмді жаңғақтар артық салмақтан арылғыңыз келсе де, рационыңызға керемет толықтырма бола алады. Оның құрамында өсімдік ақуыздарының, пайдалы майлардың, аминқышқылдардың, дәрумендер мен минералдардың рекордтық мөлшері бар. Кешью иммунитетті қатайтуға көмектеседі және жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының қалыпты болуына ықпал етеді. Бір уыс жаңғақты негізгі тамақтану аралықтарында тіскебасар ретінде пайдаланыңыз немесе салаттарға қосыңыз (бұл тағамның құндылығын арттырады әрі оны тойымды етеді).
Пісте
Бұл жаңғақтардың құрамындағы темір эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді: бұл пайдалы қасиет пістелерді энергияның керемет көзі етеді. Сондай-ақ, пісте жаңғағын уақытылы жеу холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі. Алайда көпшілік жақсы көретін тұзы көп пістелерді алмаған жөн. Тұз бен консерванттардың көп болуы жаңғақтың барлық пайдалы қасиеттерін «жауып» тастайды.
Бадам
Бадамның өте пайдалы жаңғақ екенін білмейтін адам жоқ шығар. Бір уыс бадамның құрамында ақуыздың күндізгі нормасының 1/8 бөлігі болады. Бадамды уақытылы жеу жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының жақсаруына ықпал етеді және холестерин деңгейін бақылауға көмектеседі. Оның құрамында Е дәрумені көп болғандықтан, ол терінің тегіс әрі жарқын болуына көмектеседі. Сонымен қатар, бадам ми жұмысын ынталандырады және есте сақтауды жақсартады.