- Негізгі бет
- Сымбат
- Какос майымен шашты...
Какос майымен шашты түзулеу әдісі
Бірнеше тәсілдің көмегімен шашты түзулеуге болады. Мысалы, сұлулық салонына барып күйдіру, химия салдыру сынды тәсілдермен. Алайда бұл рәсімдерден кейін шаш түсі өзгеріп, сынғыштық қасиетке ие болады. Ал какос майымен шашты түзететін болсаңыз, оған еш зиянын тигізбейсіз. Әрі ақша үнемдеу үшін бұл тәсілді үйде орындауыңызға болады.
Какос майының көмегімен шашты түзулеу тәсілі төмендегідей жүзеге асады:
♦ 1 лирт какос майын дүкеннен, дәріханадан сатып алып, артынша құтыға құйып, бөлме температурасында 3-4 күнге қалдырамыз. Ол сиыр сүті секілді аши бастайды.
♦ Бөлек ыдысқа пайда болған қаймақты құйып, үстіне 3-4 қасық лимон шырынын қосамыз. Араластырамыз.
♦ Иттікен, лаванда, түймедақ эфир майларынан 3 тамшыдан тамызамыз. Аталған эфир майлары шашты емдеп, шатасқан жерлерін жазады.
♦ Жасаған қоспамызды 1 тәулікке тоңазытқышқа саламыз. Осы уақыт ішінде ол қоюлана түседі. Шашты түзетуге арналған қоспамыз дайын.
♦ Оны шаштың түбі мен ұшына жақсылап жағамыз. 1,5 сағат басымызды целлофанмен, сыртынан орамалмен ораймыз.
♦ Арада 1,5 сағат өткен соң шашты әдетегідей жуамыз. Және соңында шашты суығырақ сумен шаюды ұмытпаймыз.
Какостың көмегімен шашты түзулеу рәсімі аяқталды. Оны аптасына 2 рет жасау арқылы қалаған нәтижеңізге қол жеткізе аласыз. Әрдайым сұлу болыңыз!
Сіз бұл тәсілді пайдаланып көргенсіз бе?
Сурет авторы: Карлыгаш Калиева
Қ. Бүйенбай