Күйдіретін қызыл бұрыш шаштың тез өсуіне ықпал ететіндігі дәлелденген. Мұндай нәтиже бұрышқа ащылық беретін «капсаицин» деген ерекше заттың әсерінен болады. Осы заттың әсерінен шаш жылдам өсуімен қатар ұйықтап жатырған буылтықты оятады. Бұл дегеніміз біраз уақыт өткен соң шашыңыздың қалыңдағанын және берік бола түскенін байқайсыз.
Қабықты бұрыш тұнбасынан жасалған масканы қалай қолдану керек?
Шашыңызды жылдам өсіргіңіз келсе де, масканы аптасына 2 реттен көп жасамау керек. Егер масканы жиі жасасаңыз, бас терісі құрғап, қайызғақ пайда болуы әбден мүмкін. Масканы бір ай бойы жасаңыз. Ары қарай жалғастырмас бұрын үзіліс жасап тұрыңыз. Капсаициннің қыздырушы эффектін күшейту үшін бұрыш тұнбасынан жасалған қоспаны аздап жылытады. Мұндай маскамен жұмыс істеу барысында міндетті түрде қолыңызға қолғап киген дұрыс. Көзіңізді ұстамаңыз. Тұнба алған соң оған аллергияңыз бар ма екенін тексеріңіз. Ол үшін алақанның сырт жағына кішкене тұнба жағасыз, егер 5 минут өткен соң тері қызармаса, қолдана берсеңіз болады. Дайын тұнбаны кез келген дәріханадан ала аласыз. Бағасы арзан тұрады.
Қабықты бұрыш тұнбасынан жасалатын маскалар
Егер сіздің мақсатыңыз шаштың өсуін жылдамдату және оның жағдайын жақсарту болса, қабықты бұрыш тұнбасынан және түрлі майлармен жасалатын маскалар таңдаңыз.
Ошаған майы (репейное масло) мен бұрыш тұнбасы. Ыдысқа бұрыш тұнбасы, су және ошаған майын 2 ас қасықтан құйып, араластырыңыз. Саусақпен немесе мақтамен шаштың түптеріне жағып шығыңыз. Әсері жоғары болсын десеңіз, басыңызды сүлгімен орап алыңыз. Жарты сағат өткен соң шашыңызды сусабынмен жуып тастаңыз. Масканы жаққан бойда басыңыздан шаншу сезінесіз. Егер қатты ашыса, уақыттың өткенін күтпей жуып тастаңыз.
Майсана майы (косторовое масло) мен бұрыш тұнбасы. 1 ас қасық қабықты бұрыш тұнбасын және 1 ас қасық майсана майын араластырыңыз, оған 1 жұмыртқаның сарысын салыңыз. Дайын қоспаны бас терісіне жағып, 30 минут ұстаңыз.
Алоэ және бұрыш тұнбасы. Бірдей пропорцияда бұрыш тұнбасы мен алоэ сусынын араластырып, 1 жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Дайын қоспаны бас терісіне жағып, 30 минут ұстаңыз.
Ашытқы мен бұрыш тұнбасы. Жылы сүтке 2 ас қасық ашытқы салып, жылы жерге 30 минутқа қойыңыз. Дайын ашытқы қоспасын екіге бөліңіз. Біріншісіне 1 ас қасық бұрыш тұнбасын салып, оны шаштың түптеріне жағыңыз. Екіншісін шаштың барлық ұзындығына жағып шығыңыз.