- Негізгі бет
- Сымбат
- Жылтыр текстуралы косметика...
Жылтыр текстуралы косметика
Жазда қолдану керек косметиканың өзінің ерекшелігі болады. Жылтыр текстуралы косметикалық заттар солардың қатарына жатады. Жазда осындай косметика өте актуалды болмақ.
Алтын жарқын түсті опа жаз маусымында өте қажетті косметикалық заттардың бірі. Әлі жазғы демалысқа барып үлгермесеңіз, осындай опа көмегімен жағажайда демалып, күнге күйгендей боласыз.
Ерінге арналған ылғалдандырушы бальзам сіздің ерініңізді нәзік әрі тартымды қылады. Жарықтар мен терінің қатпарлануын емдеп, кішкене алқызыл түс береді. Айта кетсек, бұндай түсті бальзамды еңлік ретінде де қолдануға болады.
Жылтыр текстуралы далап ерініңізге қажетті күтім көрсете отыра, оған түспен қоса жылтыр береді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua
С. А