Көлемді, жылтыр шаштың иесі атану - әр қыздың арманы. Сымбатты шаштың кепілі - оның саулығы. Ал сау шашқа жету үшін мына кеңестерді орындап жүріңіз.
Тазалау
Шаштың жылтыры жоғалуының басты себебі шаш сәнін жасауға арналған лак, мусс, гельдерді жиі қолдану: солардың әсерінен шаш тез кірленіп, дұрыс жуылмайды. Шашты жиі тазалап жуу көп жағдайда жеткілікті болмайды. Терең тазарту үшін сусабыныңызға бірнеше тамшы алма сірке суын қосыңыз. Сондай-ақ шаштың ұшықтануы мен қабыршақтануы кірдің көп жиналуына әсер етеді. Шашқа арналған маскаларды жиі қолданып, құрылымын қалпына келтіру арқылы шаштың табиғи жылтыры қайтара аласыз.
Бас массажы
Басқа массаж жасау арқасында бастағы қан айналымын жақсартып, шашқа қоректендіргіш заттар мен ауаның жетуін қамтамасыз етесіз. Ал бұл өз кезегінде шаштың жалпы саулығына әсерін тигізеді.
Дәрумендер қосыңыз
Рационыңызға жеміс-жидектер, көкөністер, дәнді дақылдар мен балық қосыңыз. Бұл азық-түліктерде бар омега-3 май қышқылдары шаш саулығына жауап береді.
Шашты кептіру
Шашыңызды фенмен кептірсеңіз, оны баяу режимде, төмен температураларда қолданған дұрыс. Шашты соңына дейін кептірмеңіз, сәл дымқыл етіп қалдырыңыз.
Артық заттарды аз қолданыңыз
Шашқа арналған бальзам, кондиционерді жиі қолдана бермеңіз. Бұл қатарға гель, мусс, лактарды да жатқызса болады. Одан да шашқа арналған сарсу, термо қорғауыш сұйықтықтарды жағып жүріңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: ar.algerie360.com