Жуынатын суға не қосуға болады?

Жуынатын суға не қосуға болады?
Фото: forumklassika.ru

Келбетке жасалған күтім ең алдымен өзіңізге деген сенім мен махаббатты білдіреді. Спа процедурасын ваннадан бастаған жөн. Суға түсер алдында оған не қосуға болады?

Теңіз тұзы

Теңіз тұзы теріні жасартады. Тершеңдіктен және целлюлиттен арыласыз. Ол үшін теңіз тұзының бір қалташасын ыстық су ағынының астына қойыңыз. Мұндай ваннаны аптасына екі рет қабылдаған жөн. 

Тұз

Тұзды ванна ауыр күннен соң денені босаңсытады әрі артық салмақтан арылуға көмектеседі. Теріңіз жібектей жұмсақ болсын десеңіз, ыстық ваннаға 200 гр ас тұзын қосып, суға 20 минут жатыңыз.

Сүт

Сүттің құрамында пайдалы дәрумендер мол. Олар теріні жасартады. Ол үшін ваннаны ыстық суға толтырып, 1 литр жылы сүт қосыңыз.

Лаванда

Ваннаға лаванданың құрғақ жапырақтары бар қалташаны немесе бірнеше тамшы лаванда майы қосыңыз. Бұл бас ауруы мен терідегі ісінулерді басады.

Эфир майлары

Мандарин немесе лимон эфир майы қосылған ыстық ванна ауыр күннен соң демалып, қалыпқа келуге көмектеседі. Ол үшін ыстық суға эфир майының 7-9 тамшысын қосып, 15-20 минуттай жатыңыз. Судан шыққан соң жылы көрпеге оранып алыңыз.

Бал

Бал теріні ылғалдандырып, жұмсартады. Аяққа да жақсы күтім жасайды. Ол үшін стақанға 2 қасық бал мен суды араластырып, ыстық су толы ваннаға құйыңыз. Теріңіз жабысқақ болмауы үшін жылы душ қабылдаңыз.

Ал сіз ваннаның суына не қосасыз?

Ф. Абилова