- Негізгі бет
- Сымбат
- Жұмыртқамен арықтау...
Жұмыртқамен арықтау
Ливерпуль ғалымдары жұмыртқаның артық салмақ қосуға әсер етпейтінін дәлелдеді. Тіпті, күніне екі жұмыртқадан жеу де қандағы холестериннің мөлшерін арттырмайды екен. Оның орнына, жұмыртқа артық салмақтан арылғысы келетіндер жеуге тиіс тағамдардың бірі екенін айтты.
Ливерпульде өткен тәжірибеге 450 адам қатысқан. Олардың жартысы 3 ай бойы калориясы төмен тағамдармен тамақтанса, екінші жартысы да күн сайын тура сондай тағамдар жеп, тек тізімдеріне қосымша екі жұмыртқа қосқан.
Үш айлық тәжірибенің нәтижесінде екі топтың көрсеткіштерінде ешқандай айырмашылық шықпаған. Барлығы 3,5-4,5 келіден салмақ тастаған. Сонымен қатар, тәжірибеге қатысушылардың бәрінде дерлік холестерин деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бұл зерттеулер жұмыртқаны күнделікті пайдалану адам ағзасына еш зиян әкелмейтінін көрсетеді.
Г. Берік