- Негізгі бет
- Сымбат
- "Жұлдызға ұқсағым келеді":...
"Жұлдызға ұқсағым келеді": Ең жиі қайталанатын 5 шаш үлігісі
Сұлулық салонына барғанда шеберге қалаған шаш үлгіңіздің суретін көрсетсеңіз, ол қалауыңызды оңай түсінеді. Шаш мамандарына қыздардың көпшілігі жұлдыздардың шаш үлгісін көрсетіп жатады. Ендеше, ең көп қайталанатын атақтылардың шаш үлгілерін ұсынамыз.
Кейт Миддлтон
Герцогиня Кембриджскаяның шашы миллиондаған әйелдің арманы десек қателеспейміз. Оның шашы әрдайым күтімді көрінеді және жалтырап тұрады. Тәжірибелі шебер оның шаш үлгісін оңай қайталай алады. Ал оған дұрыс күтім жасау өз қолыңызда. Мұндай шаш үлгісі барлық әйелге жарасады. Тек түсін өз типіңізге қарай таңдаңыз.
Блейк Лайвли
Көпшілік атақты актрисаның шаш үлгісінен гөрі оның түсін қайталағысы келеді. Мұндай шаш бояуын шығару үшін жақсы шебер табу керек. Алайда шашыңыз табиғатынан ақшыл болмаса, бұл бояу "біртүрлі" көрінуі әбден мүмкін. Ал шашы табиғатынан ақшыл қыздар ойланбастан, бұл шаш реңкін жасатуға болады.
Дженнифер Энистон
Экранға "Достар" сериалы шыға сала, ол жастар арасында жылдам тарап, бірден танымалдылыққа ие болды. Ал ондағы басты кейіпкердің бірі – Рейчелдің шаш үлгісін оған ұқсағысы келген қыздардың барлығы қайталады. Сән уақыт өте қайта оралып тұратынын білеміз. Сол сияқты Рэйчелдің шаш үлгісі – кекілсіз ұзын каре қайта сәнге айналды. Мұндай шаш үлгісін жасау үшін шашыңызды түзеулетіп, оны қақ ортасынан екіге бөліп ашасыз. Ал ұзындығы иықтан сәл түседі.
Кристен Стюарт
Шашты өте қысқартып қиып тастау оңай шешім емес. Себебі егер ол ұзындық ұнамай қалса, оны қайта өсіру қиынға соғады және көп уақытты қажет етеді. Өте қысқа шашты жақсы көретін батыл қыздар көбіне Кристен Стюарттың шаш үлгісін қайталайды.
Дакота Джонсон
Дакота Джонсонның шашы – сөзсіз, ең жиі қайталанатын шаш үлгісі. Оның кекілі шамалы екіге бөлінеді, ал шашы "ретсіз" тұрғандай әлсіз бұйраланып тұрады.
А. Жапатова