Біздің сайтымыздан жұлдыз-жорамалға қарап мінезді анықтау, қыз бен жігіттің жарастығы жайында жазылған материалдармен таныс боларсыздар. Енді жұлдыз жорамалға байланысты арықтау туралы жазамыз.
Тоқтыға арналған диета
Тоқты жұлдызды адамдар қайтпас қайсар, темірдей төзімді болады. Тамақтану тәртібін жиі ауыстырады. Оларға жарма, балық, аскөк, балдыркөк, сәбіз, орамжапырақ, қызылша, шалқан тағамдары пайдалы. Жануарлар майы, ащы және тұзды өнімдер, кофе, ішімдік – мүсіннің басты жауы.
Торпақ жұлдызының диетасы
Жер текті жұлдыздағы адамдарда зат алмасу үдерісі өте баяу жүреді. Сондықтан олар, ең бастысы, майлы, ұнды өнімдерден бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек пен көкөніс, жарма өнімдерімен азықтанғаны абзал.
Егіздерге арналған тамақтану тәртібі
Егіздер жұлдызына толықтық мүлдем сәйкес келмейді. Дегенмен, кейбіреулері теңіз өнімдеріне аллергиясы болуы мүмкін. Сол себепті оларға сүт өнімдері және В дәруменіне бай тағамдар жақсы әсер етеді.
Жалғасы бар...