Жұлдыздар әрқашан мінсіз болады деп кім айтты? Олардың визажистерінің қателіктерін қайталамау үшін, мұқият болыңыздар. Тіпті бір байқалмас макияждың бөлшегі толық бейнені бұзуы мүмкін.
Хайди Клум
Хайди Клумның визажисі қабаққа арналған бояудың тым қанық түсін таңдаған. Сондай-ақ ол бір түсті бояуды қабақтың бәріне жаққан сияқты. Осыдан Хайдидің көзі тіпті күлкілі болып көрініп тұр.
Дженьюари Джонс
Бір қарағанда Дженьюари Джонстың макияжы жаман сияқты емес. Алайда опаның молдығы оны тым ақ қылған.
Кэти Перри
Кэти Перри бұрыннан бері ерекше, көзге түсерлік бейнелер таңдайды. Бірақ мына макияжының жасанды көрріну себебі - қарындашпен салынған қастар. Мінсіз пішінді боялған қастар табиғи емес екендігі бірден көрініп тұр.
Кирстен Данст
Кирстен Данст табиғатының сұлу және өте тартымды ару. Алайда оның кемшіліктерінің бірі - жұқа еріндер. Ал мына макияжындағы қызыл далаппен боялған еріндер одан да жұқа көрініп тұр. Кирстен келесіде кемшіліктерін паш етпей, жасырғаны дұрыс еді.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: en.louloumagazine.com