Жұлдыз жорамал бойынша макияж #2

Ертеден бері әйелдер айналасындағы адамдарға және өзіне ұнау үшін кемшіліктерін жасыруға, артықшылықтарын көрсетуге және сұлулығын айқындауға макияжды пайдаланған. Макияж бен жұлдыз жорамалдың арасында байланыс бар. Әр әйелде өзінің «сұлулық түстері» болады.

Басы

Таразыға арналған макияж
Таразы да Венераға бағынғанымен, торпақтар секілді сәнді емес, ерекшелікті ұнатады. Таразылар сәйкес келмейтін реңктерді қолданса да, көпшіліктің назарында болған ұнайды. Ерекшелік таразы әйелдерді өмірлік ортасында сәттілікке жетелейді. Таразылар көгілдір және сары түсті ұнатады.

Сарышаянға арналған макияж
Сарышаяндар өздеріне не қажет екенін әрқашан біліп жүреді, ал жасы келген сайын ол қасиетте күшейеді. Сондықтан сарышаян әйелдер жасы үлкейген сайын, одан әрі әдемілене түседі. Оларға нақты сызықтар мен контурлар, сүрмелеу (подводка), қанық түсті ерін далаптары жарасады.

Мергенге арналған макияж
Мергендер жұмсақ әрі жарқыраған реңктерді қолданады. Мысалы, энергияны көрсететін алтын-алқызыл гамма.

Тауешкіге арналған макияж
Тауешкілер жігері және ішкі күшімен ерекшеленеді. Оларға энергиясы мен күші жетсе болғаны, барлық өмірлік мақсаттарына өздері жетеді. Тауешкі әйелдерге сарғылт-қоңыр түстер жақсы үйлеседі және қою кофе түсті ерін далабы жарасады.

Суқұйғышқа арналған макияж
Суқұйғыштар қызу болады және олар көп жоспар жасап, кездесуге жиі барады. Сондықтан асықпай ұқыпты боянуға уақыттары да бола бермейді. Олар косметика туралы көп біле бермейді. Алайда, оларға оның қажеті де жоқ. Суқұйғыштар сәнді түсті бір косметика алса да, әдемі көрінеді. Оларға бал түсті жылтыр ерін далабы жарасады.

Балыққа арналған макияж
Олар жылдам шаршайды, сол себепті әрқашан ішкі энергетикасын толықтырып тұруы қажет. Оларға көзін айқындайтын макияж таңдағаны жөн. Балықтарға суық тондар жарасады. Мысалы, көгілдір түс.