- Негізгі бет
- Сымбат
- Жизель Бюндхеннің сұлулық...
Жизель Бюндхеннің сұлулық сыры
Атақты бразилия супермоделі Жизель Бюндхеннің дене пішіні сымбатты және терісі мінсіз көрінеді. Ол көпшілік үшін табиғи сұлулықтың белгісі болып табылады. Назарларыңызға Жизель Бюндхеннің 4 кеңесін ұсынамыз.
1. Жан жарасымын сақтау
"Мен жиырма жасымда күйзеліске тап болдым, өз өмірімнің тұтқынына айналдым. Сырттан қараған адамға менде бәрі жақсы секілді көрінді, ал негізінде маған тыныс алудың өзі қиынға соқты. Осы кезде мен әдеттерімді, өмір сүру салтымды өзгерту керегін түсіндім. Бұл нәрсе қолымнан келгенде мен бақытты жанға айналдым. Осылайша, мен жаңа өмір бастадым!"
2. Өзіңді тыңдау
"Ақпараттың көптігі бізді қысымда ұстайды. Біз жиі күйзеліске ұшыраймыз, сондықтан да уақыт тауып, артық нәрсенің барлығын өшіріп, күніне 10, 20 минут болсын өз-өзіңізбен болыңыз. Өтінемін, өзіңізге уақыт бөлуді ұмытпаңыз."
3. Жағымды энергия жинау
"Менің ойымша, сұлулық – ішкі және сыртқы факторлардың үйлесімі. Денеңізге қалай күтім жасайсыз, қандай ортада өмір сүресіз, сізді қандай адамдар қоршайды, басыңыз қандай ойларға толы – мұның барлығы сіздің жеке жағымды не жағымсыз энергияңыздың пайда болуына әсер етеді."
4. Табиғатқа жақын болу
"Табиғатпен бірігу маған көп энергия мен ләззат сыйлайды. Табиғат маған тыныштық пен үйлесімділік береді. Су жағасына барыңыз, тауға шығыңыз, шөптің үстімен жаяу жүріңіз. Таза ауадан, күннің батуынан рақат алыңыз. Айналадан әсемдікті көруге тырысыңыз."
А. Жапатова