- Негізгі бет
- Сымбат
- Жиі терлейсіз бе?...
Жиі терлейсіз бе?
Мінеки, жаздың аптапты ыстық күндері де басталды. Осындай күннің шыжып тұрған күндерінде терлеу – адамдарды көп мазалайтын, жағымсыз иістер шығарып, киімдерімізді бүлдіретін жағдайлардың бірі.
Терлеу – табиғи құбылыс. Күннің аптапты ыстығында адам баласының терлеуі – қалыпты жағдай. Қарапайым терлеудің ағза үшін қажет екенін біреу білсе, біреу біле бермейді.Терінің бетіндегі судың булануынан ағза салқындайды. Сонымен қатар, ағза терлеу арқылы өзіндегі зиянды уыттан, шлактан құтылады. Көбінесе жиі терлейтін мүшелер қатарына - маңдай, алақан, мойын, қолтық жатады. Осы мүшелерде пайда болған терге бактериялар тез орналасатын болғандықтан, жағымсыз иіс те тез пайда болады.
Сіздерге ыстық күндерде терлемеудің немесе тым болмағанда айналаңыздағыларға байқатпаудың ең тиімді тәсілдерін сіздерге ұсынбақпыз:
*Дезодранттар - дезодорант-антиперспиранттардың бірнеше түрлері бар: спрейлі, гельді, қатты, шарикті сұйық, крем түрінде. Спрей және қатты дезодранттар тердің исін ғана бүркесе, гель, шарикті дезодранттар және кремдер тердің киімнен өтіп кетпеуін қамтамасыз ете алады.
*Арнайы антиперспиранттар – қатты терлеумен күресу үшін арнайы жасап шығарылған құрал. Дәріханаларда ғана сатылады.
*Тальк және присыпка – бұл ұнтақтарды теріге сепсеңіз, сұйықты сіңіріп алады. Жоғарыдағы дезодранттарға қарағанда, бұлардың әсері әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Тальктің қарапайым, сезімтал теріге арналған және парфюрмерленген түрі болады. Сізді жағымсыз иіс мазаласа, соңғысы көмек береді.
*Кремдер – дәріханаларда сатылатын крем түріндегі арнайы құралдар тері құрамындағы темірге әсер етіп, белсенділігін төмендетеді.
*Диета – бір қарағанда біртүрлі көрінгенімен, сіздің жиі терлеуіңіздің себебі зиянды тағамдарды пайдалануыңыздан болуы мүмкін. Мәселен, кофе, энергетикалық, алкагольді сусындар. Мамандар бұл сусындардың себепші болуын дәлелдеп те шығарды. Есесіне көк шай, түймедақ тұнбасын пайдалансаңыз, көмегі зор болмақ.
*Төсемдер – жоғарыдағы кеңестерден нәтиже шықпаса, қолтыққа арналған арнайы төсеніштерді қолданып көріңіз.Олар - тердің киімге тиіп, былғануынан сақтайды. Әрине, мұндай төсеніштер тек жабық киімдер кигенде ғана қолданылады.
Сурет: beauty-coffee.yoo7.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева