- Негізгі бет
- Сымбат
- Жазғы шаш сәні:...
Жазғы шаш сәні: түйілген шаш
Ыстық күндеріне мінсіз келетін шаш сәні – түйілген шаш. Жай ғана шашты түйе салмай, осы қарапайым шаш сәнін түрлендіріп, өзіңізге жарасатынын таңдаңыз. Сіздерге осы шаш сәнінің 3 түрлі нұсқасын ұсынамыз.
Жартылай түйілген шаш
Бұл шаш сәнінде шашыңыз түгел емес, жартылай түйіліп тұрады. Алдағы шаштар бетіңізге түспей, ыстық күндері бөгет болмайды. Сондай-ақ бұл шаш сәні өте нәзік көрінеді.
Суреттегідей шаштың екі бұрымын бөліп алып, қарапайым жіпті байлағандай шашыңызды байлаңыз. Астынан салбырап тұрған шашты солай қалдырыңыз, ал жоғары бағытталған шашты шаш қысқыштарымен әдемілеп тығып қойыңыз. Шашыңыз ерекше көрінсін десеңіз, бірнеше шаш бұрымын плойкамен бұйралап қойыңыз.
Байланған шаш
Тым ыстық күндері шашыңызды осылай байлап алсаңыз болады. Артық шаш терлетіп, мазаңызды алмайды.
Шашты тура ортасынан екіге бөліп, қатарынан екі рет байлаңыз. Шашты резеңкемен бекітіп, оны түйілген жердің астына тығыңыз. Қысқыштар көмегімен шашты қосымша бекітуге болады. Шаштың соңын тарап, көлем беріңіз.
Ширатылған шаш
Шашты мүлдем жинап тастаймын десеңіз, шаш түюдің осы жолын таңдаңыз. Ерекше көрінетін бұл шаш сәні қарапайым түйілген шаштан әлдеқайда сәнді болады.
Шашыңызды үш бірдей бөлікке бөліңіз. Ортаңғысы мен оң жақтағы шашты бұрап, ширатыңыз. Ширатылған шаш өзінен-өзі жиналып, түйілгендей болады. Қалған шашты да дәл солай бұрап, түйілген шаштың сыртынан орап, қысқыштармен бекітіңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: refinery29.com
С. А