- Негізгі бет
- Сымбат
- Жазғы педикюрдің 6...
Жазғы педикюрдің 6 құпиясы
Жазда жеңіл ашық аяқ киім киген ыңғайлы, ал кейде тіпті жалаң аяқ жүргің келеді. Бірақ қажалу, сүйел мен аяқтың жарылуы аяқ сәнін кетіріп, біраз мәселе тудырады. Біз бүгін табанды қалай тез қалпына келтіруге болатыны жайлы әңгімелейміз.
Аяқта сүйел пайда болуының және қажалуының бірден бір себепкері – тар аяқ киім. Сонымен қатар ыстық пен шаңнан да аяққа біршама зиян келеді.
1. Жаңа туфли немесе босоножкада аяқ тез шаршайды
Ұлтарақтарға арнайы жастықшаларды жабыстырып қоюға болады. Олар түрлі пішінде және өлшемде болады. Сонымен қатар ортопедиялық және қарапайым, жұмсақ күдеріден немесе силиконнан жасалған түрлері де бар. Олар аяқ киімнің ыңғайлы болуына арналған.
Өкше күтіміне арналған крем
2. Педикюрсіз аяқтар көркінен айрылады
Сұлулық салонына барып, педикюр жасатуға жағдайыңыз, не уақытыңыз болмай жүрген болса онда аяғыңызға сұлулықты өзіңіз келтіріңіз. Душ қабылдаған соң, аяқ терісі біраз жұмсарады. Сол кезде ағаш таяқшамен бармақтардың кутикуласын итеріңіз. Бұл процедура жүйке жүйесін тыныштандырып, қан айналымын жақсартады және бар жоғы бес минутыңызды алады. Кутикулаға арналған майларды пайдалануға тырысыңыз.
Шаршаған аяққа арналған спрей-дезодорант
3. Аяққа арналған крем тым майлы
Шынымен, аяққа арналған құрылғылардың көбі тығыз және қою келеді. Олар теріні жұмсартып, құнарландырады, бірақ жазда төзімсіз екені рас. Бір сағат өтсе де крем толық сіңбеуі мүмкін. Сондықтан мұндай құрылғыларды жатар алдында жағыңыз. Ал таңертең кез келген ылғалдандыратын крем немесе теріге арналған сүтшені қолдансаңыз болады.
Аяққа арналған суытатын гель, Orly.
Тез сіңеді, теріге салқындық әсерін береді
4. Бармақтағы тері қатайып, сарғыш қабат пайда болды
Қажалудан пайда болатын сарғыш қабатты кетіруге ыстық ванна көмектеседі. Аяғыңызды 10-15 минут сода, тұз немесе 9% сірке суы қосылған ыстық суда булаңыз. (5 л суға 3 үлкен қасықтан). Кейін қажалған жерді скрабпен сылаңыз. Аяғыңызды кептіріп, бадам немесе зәйтүн майын жағыңыз.
Сүйел мен қажалуға арналған крем, Neutrogena
5. Өкше жарылып кетті
Аптасына бір рет үйде пилинг жасаңыз. Өкшеге арналған скрабтардың ірі бөлшектері болады, олар қатпарланған қабаттарды тез кетіреді. Бірақ мұндай процедуралардан қол терісіне зиян келуі мүмкін, ол үшін: скрабты жұмсақ шүберекке жағып, өкшені сонымен уқалаңыз.
Аяқтың шаршағандығын басатын салқындатқыш гель, Yves Rocher
6. Аяқтар шаршап, кешке қарай ісиді
Шаршау мен ісуді басуға салқын ванна көмектеседі. Салқын суға бірнеше тамшы жалбыз немесе лимон эфир майын тамызып, аяғыңызды бірнеше минутқа салыңыз. Ал кейін міндетті түрде жылы орамалмен сүртіңіз. Температуралардың ауысуы қан айналымын жақсартады.
Жарылуды емдейтін құрылғы, Vichy.
Теріні тез қалпына келтіруге көмектеседі.
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina