Көктем-жаз мезгілдерінде майдан жасалған косметиканы пайдалану өте тиімсіз. Сол себепті орнына майдың мөлшерін азайтып, гидролат, жеңіл гель және флюид қосуымызға болады.
Аралас және майлы теріге арналған гельді жасау үшін:
- 10 мл раушан гидролаты (шырыны);
- 30 мл лаванда гидролаты;
- 0,1 г ксантан гидролаты;
- 2 г глицерин қажет болады.
Дайындалуы:
Ксантанды жылы гидролатқа қосып, ісінуге мүмкіндік беріңіз. Миксердің көмегімен араластырыңыз. Өзіңіз қалаған консистенцияға (қоюлық деңгейі) сай ксантанның мөлшерін өзгертіп отырыңыз. Артынша глицерин қосып, араластырыңыз.
Екі фазалы сергітуші құрал жасау үшін:
- 10 мл ақжелкен гидролаты;
- 20 мл лаванда гидролаты;
- 5 мл орман жаңғағының майы;
- 1 тамшы жалбыз эфир майы қажет болады.
Дайындалуы:
Құтыға гидролат құйыңыз. Жалбыз эфир майын орман жаңғағы эфир майымен араластырып, оны гидролаттың үстіне құйыңыз. Пайдаланбас бұрын құтыны жақсылап сілкілеңіз. Ерітіндіні бетіңізге мақтаның көмегімен жағыңыз. Мұндай гель ісінуді басып, теріге балғындық сыйлайды.
Күнделікті жуыну үшін лимон шырыны қосылған көк шәй немесе минералды су жеткілікті болады. Гидролатты тоңазытқышта қатырып, косметикалық мұз ретінде пайдалануыңызға болады.
Барлық тері түріне арналған гель жасау үшін:
- 10 мл түймедақ гидролаты;
- 20 мл гүлкере гидролаты;
- 3 мл күнжіт майы;
- 0,5 г натрий альгинаты қажет болады.
Дайындалуы:
Гидролаттарды өзара араластырып, оны жылытыңыз. Үстіне натрий альгинатын қосыңыз. Арада 10-15 минут өткен соң, қою сұйықтыққа айналғанша миксермен араластырыңыз. Қою ерітінді мен күнжіт майын біріктіріңіз. Мұнда да миксердің көмегі қажет болады. Аталған гель теріге жайлылық сезімін сыйлайды.
Сурет: ©Турар Мусин