- Негізгі бет
- Сымбат
- Жазғы демалыста шашты...
Жазғы демалыста шашты қалай күту керек?
Шашыңыз күн астында күйіп кетпесін десеңіз алдын ала күтім жасау керек. Демалысқа шығудың алдында химиялық бұйралау, шашты ағарту секілді күйдіретін процедуралар жасамағаныңыз жөн. Себебі олар шашты осал етеді. Содан соң күнге шыққаныңызда шашыңыз күйіп, бұзылады. Мұндай жағдайдан кейін оларды қалыпқа келтіру өте қиын.
Ең алдымен, теңізге бармас бұрын бас киім (панама, орамал, қалпақ, бейсболка) сатып алыңыз. Ол сізді ультрафиолеттен сақтайды. Демалыс кезінде шашты жиі жуатындықтан ылғалдандыратын сусабын (SPF фильтрі бар) сатып алыңыз.
Таңертең жағажайға шығу алдында шашқа арналған нәрлендіргіш май жағыңыз.
Егер арнайы косметикалық май, маска алып үлгермесеңіз, сусабынға зәйтүн, миндаль немесе ошаған майының бірнеше тамшысын қосып, шашыңызды жуыңыз.
Демалыстан 2 апта өткеннен кейін ғана шашты бояп, бұйралауға болады. Одан бұрын ешқандай процедура жасамаған жөн.
Егер шашыңыз күйген болса, арнайы дәруменмен емдеу жасаңыз. Шаш жуатын сусабынға Е дәруменінің ерітіндісін қосыңыз.
Г. Берік